• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«YNTYMAQ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Автор:admin

Апр 3, 2023
Spread the love

Шымкентте «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кездесулер жалғасуда. Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановпен бірге кезекті кездесуді «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Қуат жылу орталығы» мекемесінде өткізді. Бастауыш кәсіподақ мүшелерімен жүздесу барысында еңбек жағдайларына байланысты семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат берілді.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев жиында өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты.
Еңбек ұжымы кәсіби пайдалы дәрісті тыңдап, еңбек жағдайында орын алатын мағлұматтар мен ақпараттарға қанық болды.
Басқосуда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайында айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді. Одан бөлек, зауыт қызметкерлерін кәсіподаққа мүшелікке кіруге шақырып, бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу жолдары мен кәсіподақ ұйымы бар мекемелердің артықшылықтары жайлы айтып өтті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика