• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«TEṄ QOḠAM» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АЗАМАТТАР ҮЛКЕН ҚОЛДАУҒА ИЕ

Автор:admin

Ноя 18, 2022
Spread the love

Қаламызда мүгедектігі бар әрекетке қабілетті азаматтарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсететін “Тең қоғам” орталығы жұмыс істейді.
Оталықтағы азаматтар бос уақытын тиімді пайдалана алады және компьютерлік сауаттылығын ашуға мол мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, мұнда арнайы жабдықталған, 300-ге тарта кітап қоры бар. Яғни, зағиптарға арналған оқу машинасы және Брайль әліпбиі негізінде жазылған көркем шығармалар жинағы да топтастырылған. Келушілерге аталған қызметтерді жүзеге асыруға арнайы мамандар жәрдем көрсетеді. Қызмет алушылардың өмірлік белсенділіктерін арттыру үшін шахмат, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін үйренуге барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, орталық 2021 жылы іске қосылған «Әлеуметтік порталмен» қолдану жолдарын үйретеді және «Инватакси» мен «Әлеуметтік таксиге» қатысты барлық ақпаратты ұсына отырып, «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетуде. Мәселен, әлеуметтік такси қызметіне – 791 адам жүгінсе, 1045 азамат — санаторий – курорттық емделуге жолдама алған, ал 564 адам — инватакси қызметін пайдалған. Жалпы ағымдағы жылдың 10 айында 8216 мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетілген.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 38 775 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оларға қолайлы жағдай жасау, жайлы орта құру, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету үшін мемлекет тарапынан қарқынды шаралар жүргізілуде.
Орталық Ж.Аймауытов көшесі, 130 ғимаратында орналасқан.
Ж.Аймауытов көшесі, 130 үй мекен –жайында орналасқан «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «Бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет түрлерін ұсынады. Орталық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударатын болады. Бұдан бөлек әлеуметтік қызмет порталдарын ешкімнің көмегінсіз қолдануды үйретпек. Мамандардың айтуынша, орталықта заң бағытында сондай-ақ, әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес беріледі. Айта кетейік, ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 3,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат арнаулы әлеуметтік шаралармен қамтылды.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек екенін айтты. «Мемлекет басшысы әрдайым мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қолдаулар мен әлеуметтік көмекті жіті назарда ұстайды. Азаматтарға қолайлы жағдай, жайлы орта құру немесе өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мемлекет тарапынан тиісті қадамдар жасалып келеді. Қазір Шымкент қаласында 36 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүруде. Біз әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеумен ғана шектелмей, оларға өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіруміз қажет. Бұл ретте мүгедектерді оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы жүзеге асырудың маңызы зор»

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика