• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«SUMMER CAMP-2024» ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

Автор:admin

Июн 17, 2024
Spread the love

Ағымдағы жылдың 16-30 маусым аралығында «EdLight Academy» орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы «Spectrum International School» базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушы оқушыларға арналған «Summer camp-2024» оқу жаттығу жиыны өткізілуде.
Жиынға Шымкент қаласынан жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алған және олимпиадалық резервтегі 53 оқушы қатысуда.
Оқу жиынының мақсаты: оқушыларға пәндік олимпиадаларға дайындықтың стратегиялары мен әдістерін үйрету, сонымен қатар пайдалы ресурстар мен оларды пайдалану тәртібін көрсету, Республикалық деңгейде бәсекелестік және пәнді игеру үшін жеткілікті қажетті материалдармен қамтамасыз ету, олимпиада деңгейіндегі есептер мен тестілерді шешу әдістерін үйрету, уақытты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, олимпиадада жоғары жетістіктерге қол жеткізу.
Еске сала кетсек, Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Оған 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Білім додасында біздің оқушыларымыз жалпы командалық үшінші орынды жеңіп алған болатын.
Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.
Алтын: Жан Даутов — Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Күміс: Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Мирон Юркевич — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Марғұлан Шарел — Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Қола: Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы; Әмір Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы.
Жетекшілері — PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы — биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика