• Вт. Дек 2nd, 2025
Популярные метки

SMART SHYMKENT 2025: Іске асырылатын негізгі жобалар

Автор:admin

Дек 2, 2025

Қалада цифрландыруды дамыту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында SMART SHYMKENT 2025 бастамасы аясында келесі жобалар жүзеге асырылмақ:

Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы – заңсыз құрылыстарды, өрт қауіпсіздігін және қала тазалығын бақылау.

«Ақылды» есептегіштерді енгізу – көппәтерлі үйлерде су, жылу және электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу.

Экологиялық мониторинг жүйесі – ауа сапасын өлшейтін датчиктерді бірыңғай басқару жүйесіне интеграциялау.

Ұлттық бейнемониторинг жүйесі – қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бірыңғай бақылау жүйесі.

ЖИ-терапевт – жасанды интеллект негізінде шағымдарды тіркеп, алдын ала ұсынылатын диагноз қалыптастыру.

ЖИ негізіндегі автоматты қоңырау шалу қызметі – пациенттерге автоматтандырылған хабарласу жүйесі.

CerebraAI – инсультті ерте кезеңде анықтауға арналған жасанды интеллект технологиясы.

Смарт бейнежетондар – медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Jardem 109 бірыңғай байланыс орталығы – азаматтарға көрсетілетін көмекті ЖИ құралдары арқылы автоматтандыру.

Жол сапасын бақылау жүйесі – жол жабындарындағы ақауларды жедел анықтап, цифрлық карта қалыптастыру.

GovTech “Agent Smith” – хаттамалық тапсырмалар мен тұрғындар өтініштерін автоматтандыру.

ЖИ-агенттер – әкімдік қызметтерін оңтайландыру және азаматтарға қолжетімді көмек көрсету.

Қазіргі таңда аталған бастамалар бойынша пилоттық жобалардың меморандумдарына қол қойылып, қажетті жұмыстар жүргізілуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *