«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалына қарасты «Sayram-Orkeniet» бастауыш партия ұйымында төрайымы Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызының басшылығымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты көп-балалы және аз қамтылған отбасыларының балаларын оқу жылына дайындау болып табылады. Осы орайда бүгін бір қатар көпбалалы отбасындағы 40 балаға мектепке қажетті киім-кешек тарту етілді. Өз кезегінде ата-аналар оқу жылы қарсанында балаларын мектепке даярлауға көмектескен БПҰ-ның төрайымына және партия мүшелеріне сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Жаңа оқу жылының қарсаңындаңы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төгетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтті. Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық.
Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық ба-ласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс. Осыған орай жыл сайын еліміз көлемінде «Мектепке жол!» атты республикалық акциясы өткізіліп келеді
Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Бұл бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасын азық-түлікпен, балаларды қыстық киіммен қамтып, тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуантады.
Акция аясында оқушылар оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қамтылып келеді. Бұл акцияға аудандық әкімдіктен бастап, басқарма, департаменттер, түрлі мекеме, ұйымдар белсенді түрде атсалысып келе жатқанын айта кеткен орынды. Сол сынды ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер демеушілік көмек көрсетуде. Сондай жанның бірі жеке кәсіпкерлер биыл қаншама баланы бірдей мектепке даярлауға ниет танытып отыр. Сондай-ақ, бірқатар дүкендер көп балалы отбасы балаларына мектеп формасына 10-15 пайыздық жеңілдіктер ұсынып отыр. Қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық демеушіге, осы істің ұйытқысы болып жүрген ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Акцияның алғашқы айында бірқатар оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылды. – Акция енді ғана бастау алды. Жаңа оқу жылы басталғанша 73 баланы толықтай мектепке даярлаймыз. Ол үшін әлі де демеушілер іздестіріп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін үлес қосқан жандар да баршылық. Жыл сайын акцияны өз деңгейінде өткізіп келеміз