• Вс. Июн 15th, 2025
Популярные метки

NEET санатындағы жастармен жұмыс жалғасуда!

Автор:admin

Май 26, 2025
Spread the love

Қазіргі таңда елімізде жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі – NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыс жүргізу. NEET – бұл білім алмайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дайындық курстарына қатыспайтын жастар санаты. Бұл топтағы жастармен жұмыс істеу – олардың қоғамнан шет қалуына жол бермеу, әлеуметтік оқшаулану қаупін азайту және белсенді өмір салтына бейімдеу үшін аса маңызды. Осыған орай Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүйелі түрде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, NEET санатындағы жастарды анықтау және қолдау мақсатында орталық мамандары тарапынан қала мен ауылдық округтерде арнайы үй аралау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл іс-шара барысында жастардың әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, білім деңгейі, еңбекке бейімділігі және болашаққа деген көзқарасы жан-жақты сараланды.
Мамандар әрбір жаспен жеке әңгімелесу жүргізіп, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары бойынша нақты ұсыныстар берді. Атап айтқанда, жастарға:
— жұмысқа орналасу мүмкіндіктері;
— тегін оқыту курстары мен кәсіби даярлық жобалары;
— мемлекеттік бағдарламаларға қатысу тетіктері жайлы толыққанды ақпарат ұсынылды.
Олардың қатарында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Бастау Бизнес», «Жас кәсіпкер» сияқты бағдарламалар бар. Сондай-ақ, психологиялық және құқықтық кеңестер де берілді. Бұл – жастардың бойындағы сенімсіздікті жойып, оларды белсенді өмірге тартуға бағытталған маңызды қадам.
Іс-шара барысында кейбір жастардың жеке құжаттарында қиындықтар бары, отбасылық немесе психологиялық мәселелермен бетпе-бет келіп отырғаны да анықталды. Бұл жағдайларда орталық мамандары жергілікті билікпен, жұмыспен қамту орталықтарымен, әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерімен тығыз байланыс орнатып, нақты шешім қабылдауға көмектесті.
NEET санатындағы жастармен жұмыс тек бір реттік акция емес, бұл – ұзақ мерзімді, жүйелі әрі бағытталған жұмыс. Түркістан жастарының жарқын болашағы – олардың белсенділігі мен өмірлік жолдағы таңдауына байланысты. Осы бағытта жүргізіліп жатқан үй аралау шаралары – әрбір жастың назардан тыс қалмауына, қоғамда өз орнын табуына үлкен мүмкіндік береді.
Жастар ресурстық орталығы бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра отырып, болашақта NEET санатындағы жастар үлесін азайтуды, оларды қайта әлеуметтендіру арқылы қоғамға бейімдеуді мақсат етеді. Бұл – ел дамуының, тұрақтылығы мен әлеуетінің маңызды кепілі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика