Бүгінде «GraMad» сауда желісінің қаламызда 19 нысаны жұмыс жасаса, халықтың тығыз орналасқан аймағы «Қатын көпір» шағын ауданында 20-сыншы нүктесі іске қосылып, 20 мыңға жуық халық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуде.
Жалпы алаңы 400 шаршы метрді құрайтын бұл жобаға жалпы 80 млн. теңге жеке инвестиция құйылып, 20 адам жұмыспен қамтылды.
«GraMad» сауда желісінің негізгі бағыты – 2019 жылдан бастап үй жанындағы дүкен форматында өз тұтынушыларына алуан түрлі тауарлар ассортиментін ұсынып, жергілікті тауар өндірушілерді тікелей қолдау.
Оған қоса, Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе «GraMad» сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру бағдарламасының қатысушысы болып табылады.
Алдағы уақытта дүкендер санын 25-ке жеткізу жоспарланып отыр.
Айта кететін, «Alash» базары мен Жиделібайсын көшесінде орналасқан «Magnum» сауда үйінде болып әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арнайы бекітілген бағада сатылып жатқанына көз жетекіздік. Шымкенттегі «Alash» базазары көтерме сауда жасау үшін ең тиімді орын. Мұндағы азық-түлік қоймаларында тауар да жеткілікті әрі салыстырмалы түрде өзге базарлардан бағасы жағынан төмен екенін аңғаруға болады. Мәселен, бір келі сиыр еті базарда 2600 теңгеден ұсынылған. «Magnum»да әлеуметтік маңызы бар саналатын азық-түлік тауарлары орналасқан сөренің маңдайшасына арнайы жазуы көрсетілген. Мұнда ұнның келісі – 230 теңгеден, қант – 480, тұз – 51, картоп – 198, сәбіз – 181 теңгеден саудалануда. Бір бөлке нанның бағасы 80 теңге болса, 0,875 литр сұйық май – 725 теңге, ал отыз дана жұмыртқа үшін – 1110 теңге төлеуге болады. Ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының «Азық-түлікпен қамту» бөлімінің басшысы Қ.Базарбековтың айтуынша, қала тұрғындары сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жетпегенде не бағасы дұрыс көрсетілмеген жағдайда арнайы сенім телефоны арқылы (24-75-41) хабарлауға болады.
Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығының құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Бұл жобаның негізгі инвесторы “САУТС-Ойл” компаниясы, ал құрылысын салушы бас мердігер «Koç Construction».
“Алдағы 5 жыл ішінде қалаға 5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту міндетін қойдық. Ал бүгін Шымкент қаласы үшін бірегей жоба бастау алады. Бастамаға сәттілік тілеймін. Жалпы қазіргі кезде мегаполисте тұрғын үйге деген сұраныс артқан, агломерациясы дамыған шаһарымызға келушілер мен үй алып қоюға ниеттілер көбейген. Сондықтан кәсіпкерлерді Шымкентке инвестиция салуға шақырамын,”-деді шаһар басшысы М.Әйтенов.