• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

«Enbek. кз» сайты арқылы жұмыс ізде­гендерге жұмыс табуға мүмкіндік бар ма?

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

– «Enbek.Kz мемлекеттік порталының қа­зір­гі таңда жұмыс берушіге де, жұмыс іздеушіге де тиімді тұсы көп. Электронды еңбек биржасында әрбір жұмыс іздеуші азамат жеке кабинеті арқылы түйіндемесін жұмыс берушілер тара­пы­­нан жарияланған бос жұмыс орындарға ұсына алады. Әрбір азаматтың «enbek.kz» порта­лы арқылы тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар жұмыссыз ретінде мәртебе алу және міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры­ның қатысушысы болған жағдайда жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақыға портал арқылы өтініш беруге болады. Порталда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтарға түйіндемесіне сәйкес келетін тұрақты жұмыс орындары ұялы телефондарына хабарлама арқылы ұсынылып тұрады.  Мекемеге көбіне көпбалалы аналар баратыны белгілі. Шешімін таппаған қандай мәселе бар?

– Қазіргі таңда, қала бойынша 11622 көп­балалы анаға мемлекет тарапынан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 6141 отбасына мем­лекет­тік атаулы әлеуметтік көмек төленуде. Жыл басынан бері «Бақытты отбасы» бөлімі арқылы  2160 тұрмысы төмен, көпбалалы және мүгедек бала асыраушы аналарға демеушілер тарапынан қайырымдылық көмектер көрсетілді. Дегенмен көпбалалы аналарымыздың шешімін таппай жүрген мәселесінің бірі  – балаларының денсаулығына байланысты кезектен тыс пәтер алу және уақытша пәтерге орналастыру көп көтеріледі. Әрине, оның бәрі де қолданыстағы заңдылықтар аясында шешілетіндігі кездесу барысында түсіндірілуде.

– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жайында айтып өтсеңіз. Әлеуметтік желі­лерде көбіне осы бағытта сыни пікірлер жиі айтылып жүр. «Мерзімі өтіп кеткен тамақ, арзан өнімдер беріледі» дегендей… Бөлім тарапынан қаншалықты қадағалау жүргізіледі?

– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек негізінде отбасының табысы жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейінің 70 пайызына  аспаған жағдайда беріледі. Қазіргі таңда қала және қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде тұратын 6141 отбасына аталған көмек көрсе­тілуде. Оған қосымша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 және 6 жас аралығындағы балаларға кепілдік беріл­ген әлеуметтік топтама ретінде азық-түліктер беріледі.

Дегенмен әлеуметтік желіде жарияланып жата­тын жағдайлар бойынша көрсетілген талап­тар­ға сәйкес келмеуіне байланысты тексеру жүргізіліп,  қызмет көрсетуші тарапынан дер кезінде ауыс­тырылып берілді. Қазіргі кезде аталған жағдайлардың қайталанбауына бөлім тарапынан жауапты маман бекітіліп, күнделікті бақылауға алынған.

– Қайтарымсыз несие алу барысында қан­дай кәсіп бастауға көбірек көңіл бөлініп жатыр?

– Биылдан бастап тек 29 жасқа дейінгі жас­тарға, атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасы мүшелеріне, көпбалалы отбасыларға, қандастарға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға және мүгедектігі бар тұлғаларға беріледі. Бүгінгі күнге 221 азаматқа мемлекеттік грант берілді. Басым көпшілігі тігін, кондитер, мал шаруашылығы саласын бастауға алуда.

Сонымен қатар қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуына 12 айға дейін мони­торинг жүргізуде.

2020-2022 жылдар аралағындағы мемлекет­тік грант алып, мақсатсыз жұмсаған 119 азамат­қа қаражатты бюджетке кері қайтару туралы орталық тарапынан сот органдарына талап арыз беріліп, 100-і қанағаттандырылды, 8-і қанағат­тандырусыз қалдырылды, 11-і  қаралу үстінде.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика