• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«AQNIET» ҚҚ ӨКІЛІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ ІЗДЕНІСТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Автор:admin

Апр 17, 2023
Spread the love

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Шымкент қаласындағы өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттеріне «Жастар арасындағы діни көзқарас» атты дәріс оқыды.Еліміз тәуелсіздік алғалы бері азаматтардың, әсіресе жастардың білімі, рухани санасы өсу үстінде, әрі рухани білім алуға сұраныс та күшеюде. Дегенмен жастардың арасында құқық бұзушылықты, көрсоқыр кереғар діни ағымдарға кіріп кетушулікті — білім мен тәрбиенің жоқтығынан деп білеміз. Одан әрісі жан дүниесінің бос болуы. Жалпы адамзатта рухани жетіспеушілік әрдайым сезіліп отырады. Соның нәтижесінде сол бос орынды толтыру үшін ізденісте болып, бірі компьютермен уақытты өткізуді жөн көрсе, бірі темекі шегуді, бірі арақ ішуді немесе түнгі клубтарға барып жанына жай табуды жөн көреді. Дегенмен бұл да рухани бос алаңды толтыруға қауқарсыздық танытып, адам жанының алды иірімдері мен сәулелі шуағынан жыраққа тартып, өзін әрі басқаларды зиянға ұшырату мүмкін. Міне содан барып Ата-ананы тыңдамау, дәстүрлі дінін мансұқтау, салт дәстүрді құрметтемеу сияқты теріс түсініктер қалыптаса бастайды. Сондықтан жастарға берер білім мен тәрбиеге қатысты мәселелер сол жастар үшін де жанұя, қоғам және ұлт, мемлекет алдында аса маңызды іс болып табылады.Жақсылық пен жамандық, мейірім мен жауыздық, өтірік пен шындық, ақ пен қара, батыр мен қорқақ, күн мен түн, аналық пен аталық тізе берсең тізбек-тізбек өріліп кете беретін өмірдің мәні мен мағынасын ұқтырып тұратын ажырамастай жұптар. Бұл Ислам дінінің қасиетті кітабы Құранда: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық, бәлкім ойланарсыңдар» (Зарият сүресі 49-аят), — деп келеді. Егер дәл осы жұптасқан егіздердің біреуін жұпсыз яки сыңарынсыз ойлап көріңізші. Яғни жер бетінде әйелдерсіз еркектердің немесе ерлерсіз әйелдердің өмірі. Бұлай елестету тіпті ойлаудың өзі әбестік. Бұл жерде айтпағымыз жұптардың маңызын елеп-екшелеп айту емес. Дәл осы жұптардың ішіндегі адамға тікелей қатысты әрі ең қиын және өте маңызды мәселе тәрбиедегі жұптастық жайы. Француз ойшылы М.Монтель ХҮІ ғасырда: «Адамның жаны мен тәнін бөліп қарамау керек, бұл екеуі арбаға жеккен пар ат емес, біртұтас зат, сондықтан жан мен тәнді бөліп тәрбиелемей, бірге тәрбиелеп, бірге дамыту қажет», — деп жазған екен.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика