• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ БИЫЛҒЫ ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Автор:admin

Май 23, 2023
Spread the love

Кеңес жұмысын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Кеңес төрағасы Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы жүргізіп, «Жасөспірімдер мен жастар арасында электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы», «Жастар арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы» тақырыптары талқыланды.
Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, ҚР Ішкі Істер министрінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы полиция полковнигі Қажығали Имажанов, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алия Бекжанова, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасы Жанара Қалмақова, кеңес мүшелері Жұлдыз Әбдукәрімова, Яков Федоров, Ақбөпе Тәңірберген, Камиль Байрамов Жастарды қолдау қоғамдық кеңесінің облыстық деңгейдегі төрағалары, орынбасарлары қатысты.⠀
Кеңес барысында синтетикалық есірткі мен вейптердің зияндығы, вейп сатуға тыйым салу, оқушылар арасында жүргізілетін профилактика мәселелері қозғалып, пікірлер тыңдалды.⠀
Атап айтқанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Тұрлыханов, Ринат Зайытов, Нұргүл Тау және Динара Шүкіжанова, Қазақстандық вейпинг қауымдастығының директоры Ринат Шамерзаев пен «КазАлко темекі» қауымдастығының президенті Әміржан Қалиевөз ойларын білдіріп, сұрақ-жауаппен алмасты.
Сондай-ақ, кеңесші-психолог Александр Рущук, №6 емханасының бас дәрігері, Астана қ. мәслихатының депутаты Динара Байсеркина тақырыпқа қатысты кәсіби көзқарастарын білдірді.⠀
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытта көтерілген сұрақтарды бақылауда ұстап, қарқынды жұмыс жүргізілетін болады.⠀

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика