Бүгін, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетовтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті. Мәжіліске қалалық филиал қызметкерлері, аудандық филиал төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты. Қоғамдық қатынастарды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, еліміздің жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттарын жетілдіруге бағыттарда жұмыстар да жүргізілуде. Қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі мен қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызд рөл атқарады. Демократиялық қоғамды дамыту үшін азаматтардың саяси қатысуы өте маңызды. Кез келген қоғам азаматтарының саяси белсенділігін партиялардың қызмет нәтижесімен бағалауға болады.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.
1)Партияның Абай аудандық филиалының атқарған жұмысы туралы есебін тыңдау.
2)Ағымдағы мәселелерді талқылау және алдағы кезеңге міндеттерді белгілеу.
Күн тәртібіндегі бірінші меселе бойынша партияның Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы Бертаев баяндама жасап, үстіміздегі жылдың алты айында аудан көлемінде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Партия қатары да күн санап толығуда, жастармен жұмысты күшейту керектігін айтып, өз ұсынысын жеткізді.
Мәжілісті қорытындылаған Бахадыр Мәдәліұлы бірқатар маңызды тапсырмалар беріп, оның орындалуын бақылауға алуды тапсырды.