• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Автор:admin

Июн 13, 2023
Spread the love

Бүгін, «Мадина» макарон фабрикасының ғимаратында «AMANAT» партиясына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Партияға жаңадан кірген мүшелерге партиялық билеттерді Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы табыстады.
«AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси процестердің бел ортасынан табылады. Біздің партиямыз – еліміздегі басты саяси күші және Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Партия қатарына қосылу өзіңізбен пікірлес адамдардың ортасында болу ғана емес. Бұл ең алдымен, өз біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін», — деді өз сөзінде Әбдез Рахманұлы.
Жиын соңында филиалдың Атқарушы хатшысы бүгінгі партия билетін алған азаматтарды шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орта­лық­тарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Айта кетейік, аптаның әр бейсенбі күндері халыққа заңгер мамандар тегін құқықтық көмек көрсетеді. Партия есігі халыққа әрдайым ашық. Күнделікті партияның қалалық филиалында депутаттар, түрлі саланың мамандары қоғамдық қабылдаулар жүргізсе, ай сайын ашық есік күндері өтеді. Партия мүшелері шалғай елді мекендерге де көшпелі отырыстар өткізіп, тұрғындар мәселесін тыңдауға мобильді қабылдаулар жиі барып тұрады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика