• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІН ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Автор:admin

Апр 26, 2024
Spread the love

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Ведомство басшысы «АйМар Құс» ЖШС жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті. Кездесу барысында шаруалармен бірге сүт-тауарлы фермалар мен көкөніс қоймаларын жеңілдікпен несиелендіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, шаруалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салықтың тарифтік ставкасын төмендетуді және асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізуді сұрады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ауыл шаруашылығы министріне мегаполис аумағында салынатын қызанақ өсіруге арналған жаңа форматтағы ең ірі жылыжай кешенінің жобасын да таныстырды.
Құны 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаны түріктің “Alarko Holding” компаниясы жүзеге асырады. Жаңа технологияларға негізделген жылыжай 500 гектар аумақты қамтиды. Нәтижесінде 2000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жұмыс сапары қорытындысында министр қаладағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан шараларды оң бағалады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Айта кететін, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жолақыны тегін ету мәселесі қаралған болатын. Мәслихат депутаттары қала басшысының бұл шешіміне қолдау білдірді. Жергілікті халықты әсіресе, оқушылардың тегін қатынайтыны қуантып отыр. 1 мамырдан бастап енгізілетін мүмкіндік қолдауды қажет ететін бірқатар санаттарды да қамтыды.
Жолаушылар көлігінің сапасы да қала әкімінің жіті бақылауында. Мәслихат отырысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ тұрғындарды баспанамен қамту шаралары, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, құрылыс салаларында атқарылған жұмыстар қаралып, тиісті сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика