• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастар- болашақтың тірегі!

Автор:admin

Апр 25, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №78 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау органдары саласының мамандарымен кездесу өткізілді.
Жиналысты кәмелетке толмағандарыдың істері жөнідегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қарабаев Б.Е күн тәртібіндегі мәселер бойынша тоқталып өтті. Оқушылар арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әділет департаментінің басшысының орынбасары Исабекова А.А сөз алып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын алу, нашақорлық пен алкоголдік ішімдіктерден аулақ болу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақтан себепсіз қалатын оқушыларға барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтау керек екенін ескертті.
Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадағалауын талап етеді. Себебі психолог мамандардың зерттеуіне сенсек, жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері ерекше орын алады. Ал сабақтан тыс уақыттарда, каникул кездерінде демалыс маусымдарының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғалардың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы анық.
Тұран аудандық полиция департаментінің жасөспірімдердің инспекторы, полиция майоры Иргебаев Ж.Т Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі төңірегінде тұшымды ойлар айтылып, мектептің ішкі тәрті ережелерін қатаң сақтау керек екенін түсіндірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика