• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШАХАРЫМЫЗДА «БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Автор:admin

Апр 24, 2024
Spread the love

Қазір Шымкент қаласы аумағында «борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Полиция қызметкерлері, жергілікті сот орындаушылар және салық мамандарымен бірігіп рейд барысында берешегі бар азаматтарды анықтауда.
Рейдтік шара барысында қаланың бірнеше аумағында темір тұлпар тізгіндеушілері тоқтатылды. Оларды әр сала мамандары айыппұл, көлік салығы бойынша жеке тексерді. Берешегі бар азаматтарға қарызын төлеуге мүмкіндік берілуде.
Ескертуді елемеген борышкер жүргізушілердің көлігі айыптұраққа қойылуда.
Борышкерлердің қатарында алимент төлеуден қашып жүргендер де бар.
Рейдтік жұмысатардың алғашқы күнінде 30-дан астам көлік иелері тоқтатылды. 3 көлік айыптұраққа қамалды.
Мамандар берешегі бар азаматтарға борышын уақытылы өтеуге шақырады. Бұл жедел порфилактикалық іс-шара сәуірдің 23-і мен 25-і аралағында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Қорғау» қосымшасы полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды.
Жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.
2024 жылғы 23 сәуірден бастап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын онлайн қайта рәсімдей алады. Сонымен қатар, 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыра алады.А және В, сондай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілердің өзін-өзі даярлау арқылы емтихан тапсыруына мүмкіндік беретін тармақтар емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларынан алынып тасталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика