Шымкент қаласында абаттандыру кағидалары мен инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, сондай-ақ күл қоқыс тастау жайттарын анықтау, қайыршылар мен қаңғыбастықпен айналысатын адамдарды қабылдап-тарату орнына орналастыру, олар бойынша әкімшілік шаралар қолдану, есепте тұрған тұлғаларды мекенжайы бойынша тексеру, іздеуде журген тұлғаларды ұстау, автокөлік жөндеу орындары мен темір қабылдайтын орындарды тексеру, қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент қаласының аумағында “Таза қала” сауықтыру іс-шарасы өткізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты патрульдік полиция полкі қызметкерлері және бес аудандық Полиция басқармаларының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күшейтілген тәртіппен аталған құқық бұзушылықтар анықталып әкімшілік хаттама толтырылып, айппұл салынды. Іс шара өткізу барысында қаламыздың барлық аудандарында айтарлықтай нәтижелер көрініс тапты.
Айта кететін, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенің ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
Сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, бала еңбегін қанауға қарсы, бұдан бөлек басқа да оқыс оқиғаларды, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау мақсатында қала көлемінде түнгі рейд жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады.
Ойын-сауық орталықтары мен жастар көп жиналатын орындарды аралау барысында анықталған кәмелетке толмағандардың ата-анасына ескерту хаттамалары рәсімделеді.