• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкенттегі полиция мұражайына Жол көлік колледжінің 2-курс студенттері қонаққа келді

Автор:admin

Апр 22, 2024
Spread the love

2024 жылдың 18-сәуірінде Шымкент қаласы полиция департаментінің мұражайымен танысуға қаладағы Жол көлік колледжінің 2-курс студенттері келіп, саяхат жасады. «Сұрақ-жауап» ретінде өткен іс-шарада студенттер полиция қызметімен танысып, мұражайдағы Ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлары туралы мағлұматқа қанықты.
Студенттерге мұражай меңгерушісі Гүлнәр Қожамжарова ІІО-ның құрылу тарихын айтып, әңгімелеп берді. Сонымен қатар мұражай меңгерушісі Ішкі істер органдарында осыған дейін басқарған генералдардың фотосуреттерін көрсетіп, олар туралы қысқаша мәліметтерді мысалға келтірді. Құқық қорғау саласының қыр-сыры туралы түсіндіріп, полицияның өткені мен бүгіні жайлы тың ақпараттар берді.
Студенттер мұражайдағы құнды жәдігерлерге қызығушылықпен қарап, өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алып, ерекше әсермен қайтты.
Тұлғалық деңгейде патриотизм – адамның дүниетанымында, мақсат-мұраттарында, мінез-құлық нормаларында көрініс табатын маңызды, тұрақты сипат. Ал оның жоғарғы көрінісі – өз халқына, оның өмір салтына, тарихына, мәдениетіне, мемлекетіне, іргелі құндылықтар жүйесіне қатысты ұжымдық көңіл-күйде, сезімде, оны бағалауда көрінетін қоғамдық сананың маңызды бөлігі.
Жалпы патриотизм сөзі ежелгі гректің «патриа» – атамекен сөзінен шыққан. Отанға деген құрмет, өз халқына деген сүйіспеншілік, өз салт-дәстүріне құрмет, ұлты мен елінің жеңістеріне мақтаныш – осының барлығы патриотизмге тән қасиеттермен теңестіріледі. Қарапайым сөзбен айтқанда, Отанға, тілге, салт-дәстүрге, мәдениетке деген сүйіспеншілік.
Патриотизмді дәріптеу келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
– Азаматтардың санасына әлеуметтік маңызы бар патриоттық құндылықтардың және қазақтың мәдени және тарихи өткеніне, дәстүрлеріне құрметпен қараудың, мемлекеттің, әсіресе әскери қызметтің беделін арттыру;
– Азаматтарды әлеуметтік-экономикалық, мәдени-құқықтық, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуге белсенді қатысуына мүмкіндіктерін жасау;
– Азаматтарды мемлекетінің Конституциясын, қоғамдық және ұжымдық өмірдің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеу, адамның конституциялық құқықтары мен оның міндеттерін, азаматтық, кәсіби және әскери борышын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
– Елінің мемлекеттік рәміздеріне – Елтаңбасына, Туына, Әнұранына, және еліміздің тарихи киелі орындарына деген мақтаныш сезімін, терең құрмет пен қастерлеу сезімін ояту;
– Қоғамдық оқиғалар мен мәселелерді теледидардың, радионың және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен ақпараттандыру арқылы азаматтардың патриоттық бағдарын күшейту;
– Ел тарихын бұрмалауға, адам құқығын таптауға негізделген бұқаралық мәдениет үлгілерін насихаттауға, анти-патриотизмдік белгілерге белсенді түрде қарсы тұру;
– Нәсілдік, ұлттық, діни төзімділікті қалыптастыру, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика