Шымкент қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен мегаполисте орналасқан сауда ойын-сауық орталықтарына террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу ұйымдастыру жай-күйіне бақылау жасау, заңнама талаптарын, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Террористік қауіптердің түрлі сценарийлері кезіндегі іс-қимыл тәртібін жеткізу бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерінің дайындық деңгейін төмендетуге жол берген күзет агенттігі қызметкерлерімен қосымша оқыту іс-шаралары жүргізілуде.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу жай-күйіне бақылау жасау, олардың басшылары мен иелеріне қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында аталған бағытта объект тексеру барысында қосымша оқу-түсіндіру сабақтары ұйымдастырылып өткізілуде.
Аталған оқу-түсіндіру сабақтарының негізгі мақсаты – террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы бекінісін ұйымдастыруға ықпал жасау, практикалық бағыттағы іс-шараларды қамтамасыз ету, халықтың қауіпті жағдайды түсініп бағамдау дағдыларын қалыптастыру, экстремалды және төтенше жағдайларда қорғану тәсілдері мен қауіпсіз мінез-құлқын ойластыру, өмірі мен денсаулығын қорғау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ айналадағыларға көмек көрсету.
Тексеру барысында заңмен қарастырылған талаптарды орындамаған террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына және иелеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылық кодексімен көзделген 149-бабы (Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау) бойынша жауапкершілікке тартылады.
ТЕРРОРИСТІК ТҰРҒЫДАН ОСАЛ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚОРҒАЛУ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙ-КҮЙІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ
