• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкент тұрғыны анықтаушыға кәсібилігі үшін алғыс айтты

Автор:admin

Апр 12, 2024
Spread the love

Қалалық полиция департаментіне жергілікті тұрғыннан алғыс хат келіп түсті. Азамат полиция қызметкерлеріне жедел жұмыстары үшін алғысын білдірген.
Хатта көрсетілгендей, ол Қаратау ауданының полиция басқармасына үй кіреберісінен велосипеді ұрланғаны туралы арызданған. Аталған хабарлама бойынша құқық қорғаушылар жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кіріскен.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұрланған велосипед табылып, иесіне қайтарылды.
«Анықтаушы Бекзат Кахрамановқа жауапкершілігі мен жоғары кәсібилігі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Ол ұрыны тез анықтап, велосипедімді қайтарды», — делінген хатта.
Тәртіп сақшысы, өз кезегінде, азаматтардың алғысы полицей үшін ең жоғарғы марапат екенін атап өтті.
Айта кететін, «Басымдықта – азаматтарға көмектесу» : полицейлер жол үстінде өзін нашар сезінген шымкенттік жүргізушіге көмек көрсетті
Патрульдік полиция полкінің инспекторлары көлік басқару кезінде мазасы кеткен тізгіндеушіге көмектесті. Құтқарушылар – капитан Қанат Дүйсебаев пен аға лейтенант Бауыржан Төленов.
Бәйдібек би даңғылында қызмет атқару барысында офицерлерге азаматша жүгінді. Ол жұбайының жолда ауырып қалғанын айтып, үйге жетуге көмектесулерін өтінді.
Тәртіп сақшылары бірден келісіп, тағайындалған жерге жедел жәрдем шақырды. Ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Өз кезегінде қала тұрғыны құқық қорғаушыларға орын алған жайтқа бей-жай қарамай, тез арада көмек көрсеткендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.
-Қызметте біз әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Бірақ әр кезде азаматтарға көмектесу біз үшін басымдық болып табылады. Бұл ерлік емес, бұл антқа адалдық, — деп атап өтті патрульдік полицейлер.
Айта кететін, тұран ауданы полиция басқармасының анықтаушыларына жергілікті тұрғын велосипед ұрланғаны туралы арызданды. Оның айтуынша, үйінен шыққанда аулада қалдырған қос доңғалақты көлігі орнында жоқ болған.
Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмысына дереу кірісті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұрланған велосипед табылып, иесіне қайтарылды.
Қала тұрғыны өз кезегінде полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.
Құқық қорғаушылар велосипед ұрлығынан қорғанудың ең жақсы тәсілі оны техникалық нығайтылған түрінде немесе бейнебақылау камераларының астында қалдыру екенін еске салады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика