• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жалдамалы пәтерде есірткі өсірген: Шымкентте екі фитозертхана жойылды

Автор:admin

Апр 5, 2024
Spread the love

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасы арнайы іс-шаралар барысында 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігін ұстады. Көлік ішінде марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды.
Азаматтың жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды. Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген.
Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 дана бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар.
Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Ғаламтор арқылы сан алуан құйтырқы әрекетке баратын есірт­кі саудасын құрықтап оған тос­қауыл болу бір министрлік емес, барша ел­дің бірігіп, жұмыла жүргізетін әрекеті болуы керек деген ой келеді. БҰҰ мә­лі­­­метінше, әлемде 275 млн нашақор бар. Әрине, бұл нақты сан емес. Деген­мен бұл санның артып кетпесе, кемі­мей­тіні өкінішті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды отырыстардың бар­лы­ғын­да дерлік есірт­­кінің ұлт сау­лығына үлкен зиян әкеліп отырғанын ай­тып, сананы улаған осы бір кеселмен барынша кү­ресу керектігі туралы тиісті тапсырмалар да беріп келеді. Президент тапсырған соң Үкімет Қаулысымен Қа­зақ­стан Республикасының нашақ­ор­лыққа және есірт­кі бизнесіне қарсы кү­рес­тің 2023-2025 жыл­­дарға ар­нал­ған ке­шенді жос­пары бекі­тілді.
Нәтижесінде, 2025 жыл­­ға қа­рай есірткі тұты­ну­шы­лар­дың са­нын азайту, есірт­кіге тәуел­діліктен ұзақ­мер­зім­ді ре­миссия­сы бар кәмелетке тол­­­­ма­ғандар санын 15%-дан 20%-ға дейін арттыру, сондай-ақ есірткі тұ­ты­ну­шыларды 26%-дан 30%-ға дейін ме­дициналық-әлеуметтік оңалтумен қам­ту жоспар­ланған.
Бұдан бөлек, жаңа синтетикалық пре­параттарды, сондай-ақ азаматтарды медициналық куәландыру аясында алы­натын қан үлгілері мен басқа да био­материалдарды зерттеуді жеделдету үшін сот сараптама органдарының ма­териалдық-техникалық базасы ны­ғайтылмақ. Кешенді жоспарда көрсе­тіл­ген өзге де шараларды жүзеге асыру үшін бюджет есебінен 53,1 млрд теңге бөлу қарастырылған. Қазір алғашқы қадамы жүзеге асырылу үстінде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика