• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкенттік полицейлер мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді

Автор:admin

Апр 5, 2024
Spread the love

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін Кадет сыныптарының құрылуы мен жұмыс істеуін жүзеге асыру аясында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 89 жалпы білім беретін IT мектебінің ата-аналар комитетімен кездесті.
Кадет сыныптарының мақсаты жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап патриоттық рухта тәрбиелеуге, балаларды құқықтық дүниетанымды, жоғары рухани адамгершілікпен моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету. Сонымен қатар, тәрбиеленушілермен саптық, дене шынықтыру, атыс даярлығы, медициналық дайындық, құқықтық, эстетикалық, патриоттық тәрбие сабақтары жүргізіледі.
XX ғасырдың басындағы ұлт зиялылары отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, дамытуда ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойды. Білім мен ғылымды және тәрбиені өркениетке жетудің төте жолы санаған Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытов «Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата — ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара — бара адамды замандас, жолдастың азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі», — деп жазды.
Жақсы жігіт он бесінде баспын дейді, жаман жігіт отыз бесінде жаспын дейді, — деп халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі мен елжандылығының жастайынан-ақ белгілі болатындығын дәлелдеген.
Тағы бір мәселе – мектеп басшысы мен әкімшілігі тарапынан даму жоспарына сәйкес нақты орындалатын қысқа мерзімді нәтижеге бағытталған жоспарды дұрыс құра алмауына және сол жоспардың орындалуына мектеп әкімшілігі тарапынан бақылаудың жетіспеуі, аналитикалық талдаудың дұрыс жасалмауы. Мектеп директорларының көпшілігінде басқару құзыреттілігінің төмендігі, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға тез арада бейімделе алмауы, нарық жағдайында қоғамның сұраныстары мен мемлекеттің талаптарына сәйкес келетін білім беру нәтижелеріне қол жеткізу дағдыларының (skills) жетіспеуі.
Білім мен тәрбие – егіз. Осы орайда әр педагог өз сабағында ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен дағдыны дамытып отыруы қажет. Себебі, білім беру мазмұны аясында оқыту мен тәрбие бағыттары құндылық пен дағдыны дамытуға, оқушыны жеке тұлға ретінде жетілдіруге, оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға, пәндердің бір-бірімен байланысын күшейтуге ықпал жасайды. Оқушының өзін-өзі тұлға ретінде жүзеге асыруына мүмкіндік беру мен қолайлы оқу ортасын құру қажеттілігі туындайды.
Департамент тарапынан ғылым магистрлері атағы бар қызметкерлер іріктеліп, аранайы мамандармен дәрістер жүргізуге ұсыныстар айтылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика