Шымкент қаласының Қазбек би атындағы №36 жалпы білм беретін орта мектебінің оқушыларымен полиция қызметкерлері отбасындағы зорлық-зомбылық, діни ағымдар, сонымен қатар психтроптық заттардың зияндығын профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаранынң мақсаты жастардың өсіп дамуына қолайлы психологиялы және әлеуметтік жағдай жасау. Сонымен қатар, отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және өзге де көмек көрсету, отбасы мүшелерін әлеуметтік оңалту, отбасындағы жанжалды жағдайларды шешуге жәрдемдесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған отбасы мүшелерінің мінез-құлқына әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі шаралар жүйесі арқылы қол жеткізіледі, зорлық-зомбылық құрбандарының отбасы мүшелерін баспанамен қамтамасыз ету. Кез келген адам зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін, бірақ зорлық-зомбылыққа отбасында әйелдер мен балалар жиі ұшырайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Күш көрсету зорлық-зомбылығы — дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Психологиялық зорлық-зомбылық — адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту. Сексуалдық зорлық-зомбылық — адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер. Экономикалық зорлық-зомбылық — адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Іс-шараның мақсаты – отбасы мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бұл әйелдер де, балалар да, ер адамдар да болуы мүмкін, сондай-ақ агрессивті тұлға түрлерін анықтау, жәбірленушілерге де, қылмыс субъектілеріне де көмек көрсету.
Аталған іс-шараға Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мен аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен әр саланың мамандарымен өткізілді.