Аудан әкімі Арман Қарсыбаев ағымдағы жылы жүзеге асыру жоспарланған эскиздік жобалармен танысты.
Атап айтқанда, Шардара-Келес бағытындағы Шардара ауданының шекарасына кіреберісті «Сәулеттік абаттандыру», Шардара қаласы. Шардара-Келес, Жаушықұм тас жолы қиылысына саябақ құрылысы, Шардара қаласындағы «Тұңғыш Президент» саябағы аумағындағы «Неке сарайы» ғимаратын қайта қалпына келтіріп, Жастар орталығы ғимаратын ашу, Шардара қаласы, Шардара-Жетісай бағытында «Шардара өнімдері» көкөніс сауда орындары, Шардара-Жетісай бағытындағы кіші сәулеттік абаттандыру, Тәуелсіздік саябағын жаңа үлгіде жаңарту, Мұнайбаза елді мекенінің тұсындағы үлкен жолдың бойына Этноауыл салу секілді тың жобаларды саралап, салу мәселелерін талқылады.
Аудан әкімі аудандық құрлыс және сәулет бөлімінің басшысына бұдан да бөлек аудан тұрғындары мен қонақтарына қолайлы,көрікті орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асатын бірқатар жобалардың эскиздерін жасауды тапсырды.