• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Апр 17, 2024
Spread the love

Тұран ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды R-FACTOR.KZ тілшісі Тұран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруды басты назарға алды. Осы бағытта құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүмкін еместігін айтты.
Бұл қоғамдық дерттің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық деп қабылдауы. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңмен бекітілген. Соның аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.
Жастар –еліміздің болашағы. Қазіргі жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін олардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан адам оған жол бермейді. Осыған сәйкес, Тұран ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалмырзаев Бақберді Әмзеұлының төрағалығымен жиналыс өтті.
Жиын барысында Бақберді Әмзеұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты айтып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама талаптарының қатаң сақталуы, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша айрықша тоқталып өтті. Бұдан бөлек, қызметкерлердің орындаушылық тәртібі бойынша да талқыланды.
Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылатыны баршаға мәлім. Көптеген дамушы елдерде, соның ішінде Қазақстанда да сыбайлас жемқорлық барлық салаларда таралған, сол арқылы экономиканың дамуына теріс әсер етеді. . Сыбайлас жемқорлықтың себебін анықтау, алдын алу және оны болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында профилактикалық шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика