Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингінде Олжас Тәжібаев мәлімдеді, деп хабарлайды r-factor.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма басшысының айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында қаламызда 18 жайлы мектеп салынуы қажет. Соның ішінде 12 мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде білім ошақтарының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр екен. Қалған 6 мектеп 2025-жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«6 жер телімі келер жылға өтпелі болғаннан кейін, 2023-жылдың 2-жарты жылдығында анықталып берілген болатын. Бүгінгі таңға дейін біраз мәселелер туындаған. Жер телімдерінің жетіспеуіне байланысты, оларды мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер болды. Бүгінгі таңда ол мәселелердің көбісі шешіліп, анықталған жер телімін мектеп салуға беру жұмыстары жүріп жатыр»,— дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасынң басшысы Олжас Пердебайұлы.
Сондай-ақ, былтыр басқарма тарапынан 121 жоба қарастырылып, 162 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның 52-тапсырлса, қалған 109-ы 2024 жылы қолданысқа беріледі. Нақтырақ айтқнда, Бозарық, Ақжайық, Тұран шағынаудандарында кпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Сол тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 18 жүйенің құрылысы жүріп, 8-і қолданысқа берілді.
Айта кететін, мұнан бөлек білім нысанның ігетасы қаланып, 5-і пайдалануға берілген. Қалған екеуінің құрылысы жүруде екен. 2023-жылы 1 мәдениет ошағы мен 3 спорт ғимараты пайдалануға берілген. Ал құны Шымкентсити шағын ауданындағы саябақ құрылысы 3 кезеңнен тұрады. Бүгінде 1-кезеңі аяқталған.
Жаңа мектептер эргономикаға сәйкес оқу жабдықтарының және жиһаздың толық жиынтығы, яғни, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, жылжымалы трансформер үстелдер, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шакфтар, оқу-зертханалық жабдықтар, ауызсу фонтандары, жылдамдығы кемінде 100 МБит/с интернет, Wi-Fi, жаңа модификация кабинеттері, яғни, оқу зертханалары, компьютерлік сыныптары бар физика, химия, биология кабинеттері, интелектум, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, «Әмбебап дизайн» қағидатын ескере отырып, ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға ыңғайлы мектеп кеңістігі, мектептің заманауи эстетикалық тартымды сыртқы-ішкі бейнесі, яғни ұлттық стиль, білім алушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі – бейнебақылау, дыбыстық хабарлау, террористік қауіп туындаған кезде есіктер мен блоктарды бұғаттау жөніндегі функциялар, спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау (1-4 және 5-11 сынып оқушыларына арналған спорт залдары, жабдықтар, волейбол, баскетбол, футбол, теннис, жүгіру үшін арнайы алаңдар), оқуға және бос уақытты тиімді өткізуге арналған жерлер (кітапсақтайтн жер мен оқу залы, медиатекасы, элеткронды нұсқасы бар кітапхана, әр қабатта коворкинг аймағы бар), білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту аймақтары (әмбебап шеберханалар мен студиялар, бастауыш кәсіптік білім беруге арналған кабинеттер-тігінші, аспазшы, IT, ұста және тағы басқа, тамақтану блоктары «асханалар, буфеттер, тамақ дайындау, азық-түлік сақтау аймақтары және тағы басқа, педагогтарға арнайы жабдықталған жұмыс аймақтары, яғни, мұғалімдер кабинеті, коворкинг-аймақтар және тағы басқа қажеті құралдармен жабдықталатын болады.