• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы махаббат

Автор:admin

Сен 24, 2022
Spread the love

Осы тақырыптарды зерттеген ғалымдардың бірі В.С.Мухина мен Л.А.Венгер. Олар шимпанзенің кішкентай екі баласын алып, біреуіне мамық жүнді жұмсақ куыршақ берген және бұл қуыршақтың кеудесінен сүт шықпайды, ал екінші шимпанзенің баласына суық, қатты, бірақ кеудесінен сүт шығатын қуыршақ жасап берген. Осы екі кішкентай шимпонзе балаларының мінез-құлқын бір ай қадағалап бақылаған. Нәтижесінде мамық жүнді, сүті жоқ қуыршақты шимпонзе баласы қолынан түсірмей, кеудесіне басып өзімен үнемі ұстап жұрген. Ал екінші суық, қатты, бірақ сүті бар қуыршаққа шимпонзе баласы жақындамаған, қолына ұстамаған. Қайда болса, сонда тастап кете берген. Бұдан шығатын түйін, мақұлық баласының өзі махаббат сезімін қажет етеді, жан жылуын, жұмсақ қатынасты іздейді. Адамның баласы да тек махаббат сезімін сезінгенде ғана өзі де сондай сезімді ата-анасына бере алады. Бұл ғылыми тұрғыдан зерттеліп, дәлелденген.

Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоциялық қолдауды қажет етеді. Л.А.Венгердің пікірінше баланың жан-жақты дамуына отбасы мүшелерінің арасындағы сүйіспеншіліктің әсерін көрсете келіп, баланың бойында адамгершілік және эстетикалық талғамы жоғары, ынтымақтастық қарым-қатынастағы толыққанды азамат болып өсетінін анықтаған. Осылайша, баланы еркін, сүйіспеншілікпен тәрбиелеудің маңызын ашқан.

Батыстық психолог Э.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоциялық қатынасына байланыс­ты» – деп көрсетсе, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген ре­сейлік ғалым А. И. Захаров отбасындағы қаталдыққа, зорлық-зомбылыққа, жа­ғымсыз эмоциялық қатынасқа балаға немқұрайлы қарайтын ата-аналардың ба­лалары ұшырайтынын анықтаған. Осы орайда чех ғалымдары И. Лангмейер мен З. Матейчек баланың психикалық даму мәселелерін зерттей келе, отбасын­дағы сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас балалардың жарасымды әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне ғана емес, сонымен қатар, олардың физикалық денсаулығына да тиімді ықпал ететінін анықтаған. Олар екі отбасын алып са­лыстырған: бірі сүйіспеншілік орнаған отбасы болса, екіншісінде селқостық, ымырасыздық, ынтымақтастығы жараспаған отбасы. Екі отбасындағы балалар­дың дәрігерлік анықтамасы бойынша сүйіспеншілік қатынастағы балалардың денсаулығы әлдеқайда жоғары болған. Бұдан шығатын түйін: отбасындағы жа­расымдылық, сүйіспеншілік сезімдері отбасы мүшелерінің физикалық және ру­хани-адамгершілік, әлеуметтік-психологиялық даму деңгейіне жүйелі ықпал етеді.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика