• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШАХМАТ — ОЙНАУ ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Автор:admin

Апр 12, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың 12 сәуір күні білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Шахмат ойнау» челленджі республикалық көлемде бір уақытта ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz ақпарат агенттігі.
Шахмат- көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір-ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады. Аталған іс-шараға Білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің төртінші — он бірінші сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: «Шахмат ойнау» челенджі – оқушылардың интеллектуалдық қабілетін шахмат ойыны арқылы көрсету. Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Міндеті — білім алушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру, білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту, челлендж қатысушылары арасында қарым-қатынасты жақсарту, еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау.
Шахматтың пайдасы туралы жалпылама барлығымыз білеміз.
Дәрігерлер оларды ересектердегі Альцгеймер синдромын кешіктіру және балалардың дамуындағы кідірістерді жою құралы ретінде қолданады.
Онда шахмат ойнаудың нақты қандай пайдасы бар?
1. Қарым — қатынас дағдылары
Ойнау барысында қарсыластар, әдетте, өте ұстамды түрде сөйлесетініне қарамастан, тіл мен қарым -қатынасқа жауапты ми аймақтары белсенді жұмыс атқарады. Және жасөспірімдердің агрессивтілік деңгейін төмендетіп, оны сау бәсекелік рухқа айналдырады.
2. Қораптан тыс ойлау
Мәселен, ойыншылардың бірі ойын стратегиясын жасырып, фигураларды құрбан етеді, қарсыластың қырағылығын басады.
Ал шешуші сәтте екі немесе үш ходтар арқылы шахмат тақтасындағы жағдайды өзгертіп шах және мат жасайды.
Қарсыласқа тұзақтар мен қарсы шабуылдар дайындау, өздерінің ойын жоспарларын жасыру және т.б.
«Барлығы бірдей ойламайтын» тамаша жаттықтырушы ретінде әрекет етуге пайдалы.
3.Интеллектуалдық дағдылар
Шахмат логиканы жақсы дамытады. Әр бөліктің қозғалысы алдыңғы және кейінгі қозғалыстармен өзара байланысты және олар бір схеманы береді. Ойын барысы, тіптен ойын соңында да адам анализ жасап өзінің ходтарына талдау жасайды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика