• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Үздік пациент

Автор:admin

Ноя 12, 2023
Spread the love
Ордабасы аудандық орталық ауруханасында Ауруларды басқару бағдарламасындағы Үздік пациент конкурсы басталды. Конкурсқа 5 жалпы тәжірибелік аймақтан 5 емделуші қатысты, атап айтатын болсақ, №2 жалпы тәжірибелік аймақтан 1955 жылы туған Сағындықова Шырай, №4 жалпы тәжірибелік аймақтан 1970 жылы туған Ерсұлтан Бақытжан, №7 жалпы тәжірибелік аймақтан 1955 жылы туған Иванюк Агрепина, №8 жалпы тәжірибелік аймақтан 1967 жылы туған Темір Ақмарал, №9 жалпы тәжірибелік аймақтан 1951 жылы туған Хубиева Валентина. Онда әрбір емделуші өз өмірінде Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жеткен жетістіктері туралы айтып берді. Бағдарламаға қатыса бастағаннан бері пациенттер туыстарының бақылауы және өзін-өзі бақылауы арқылы салмақ тастауды, қан қысымын төмендетуді, қандағы қант пен холестеринді төмендетуді атап өтті, сонымен қатар олар дұрыс тамақтану және дене шынықтыру бойынша өз рецепттерімен бөлісті.
Әрбір емделушінің бойы, салмағы, бел өлшемі,Артериалдық қан қысымы өлшеніп, зертханалық анализдері алынды және емделушілерге 1 ай көлемінде қолдануға «ақылды білезіктер» тапсырылды. Бұл «ақылды білезіктер» арқылы жүректің соғу жиілігін бақылау, қадам және килокалорияны есептеу, белсенділік деңгейін анықтау, қандағы оттегін өлшеу, ұйқының ұзақтығы мен сапасын бақылау, стресс деңгейін анықтауға болады.
Емделушілердің жетістіктерімен 1 айдан кейін бөлісетін боламыз.
Оларға:
• дәрігердің барлық рецептілері мен ұсыныстарын орындау,
• дұрыс тамақтануға ұмтылу,
• жаман әдеттердің бас тартуы,
*артық салмақтан арылу,
• негізгі препараттарды тұрақты қабылдау,
• қандағы қант, холестерин деңгейін төмендету, қан қысымын тұрақтандыру,
• негізгі аурудың асқынуының (миокард инфарктысы,жедел ми-қан бұзылысы) болмауы,
• ауруханаға жатқызу, жедел жәрдем шақырту жағдайларын азайту жатады.
Емделушілердің нәтижесіне қарай ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика