• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР!

Автор:admin

Ноя 12, 2023
Spread the love
Түлкібас аудандық орталық аурухана ұжымына аудан тұрғыны алғысын білдірді.
— Түлкібас аудандық орталық аурухананың хирургия бөлімін басқаратын Ақылбек Желеубайұлы Жантаевқа және ұжымына шексіз алғысымды білдіргім келеді. Мұндағы бөлім меңгерушісі мен дәрігерлердің науқастармен жылы амандасып, хал сұрауының өзі, жылы-жылы сөздері жаны ауырып тұрған жандарға үлкен ем емес пе?, дейді аудан тұрғыны.
Осыдан бірнеше күн бұрын Нұржан Сейсенбай велосипедтен құлап больницаға түсті. Жабық түрдегі ішек құрылыс ағзасының өте ауыр зақымдануы (тупая травма живота) диагнозы қойылды. Велосипедтен қатты соққымен құлағаннан ішектеріне зақым келіп, жыртылып, жедел түрде ота жасалды. Бөлімдегі тәжірибелі хирург Ақылбек Жантаев, Ұлжан Стамбек және облыстық балалар больницасының білікті хирург дәрігері А.Сарыбаев бірігіп ота жасап, бар күштері мен біліктіліктерін көрсетті. Баланың отадан кейінгі жағдайы жақсы.
Мейірбикелер мен дәрігерлердің сөздері мен емделушілерге деген ыстық ықыластарының өзі дертке дауа деп есептеймін.
Қызмет түрінің өзі айтып тұрғандай, бұл бөлімде жоспардағы ем-шаралардан өзге жедел түрде консилиум шақырылып, шешімдер қабылданып, оталар жасалып жатыр. Шаршап тұрса да, күлімсіреп жағдайымызды сұрап, науқастардың жарасын таңып, өз кәсібіне деген жауапкершілігін ісімен көрсете алды.
Дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, аурудың асқынуына жол бермей, ем-шараны жалғастырып жатқан емхана хирургі, білікті дәрігер Жантаев Акылбек пен Стамбек Ұлжанға да шексіз рахметімді айтамын.
Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігерлерімізді Алла қателестірмесін, ел ризашылығына бөлесін, отбасылары берекелі болсын, ауырмай-сырқамай көп жасай берсін,- дейді науқас баланың анасы Нұрия Қарабасова. Біз де Нұрия апайдың кіршіксіз аппақ ақ тілегіне қосыламыз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика