Отбасы ол әрбір адамның қарым-қатынастарға сенімге лайықталып құрылатын психологиялық жағдаят. Жағдаяттардың әсіресе мемлекеттің осы саладағы саясаты үшін маңызды. Отбасында пайда болатын теріс қылықтардың басты себептерін талдап көрелік:
Біріншіден, отбасында баланың талап-тілегін бұлжытпай орындау, шектен тыс қамқорлық көрсету. Өз бетінше шешім қабылдауға, әрекет етуге мүмкіндік бермеу. Сондықтан бала өз орнын таба алмай, қиындыққа тап болып жатады. Қыңырлыққа,қарсыласуға үйренеді.
Екіншіден, ата-ана баласын қараусыз қалдырады. Ал кей жағдайларда, кейбір ата-ана тұрақты қатаң бақылауға алады. Оның жүріс-тұрысы, әрбір адымын есепке алып отырады. Осының нәтижесінде бала ата-ананың торына түсіп, өз бетімен іс-әрекет жасау мүмкіндігі шектелелі.
Үшіншіден, балаға кейде сыртқы факторларда әсер етеді. Қазіргі жаһандану заманында қоғамды түрлі өрескел қылықтар орын алып жатады. Оларға еліктеудің нәтижесінде өмір нормасынан ауытқу пайда болады. Егер бала психологиясынан осындай жағдайларды байқаған сәттен оған мектеп психолыгы, сынып жетекшісі, ата-анасы, тіпті жолдастары тарапынан оңды көмек көрсетілуі қажет.
Төртіншіден, отбасындағы әке мен шешенің қарым-қатынасы, іс-әрекеттері. Отбасылық тәрбие беру – күрделі және көп қырлы жүйе. Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі. А.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-аналардың өздеріне талап қойып, өз отбасын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекерден бекер айтыла салған сөз емес. Әке мен шешесінің отбасындағы келеңсіз іс-әрекеттері балаға әсер етпей қоймайды. Бала жүйке жүйесі бұзылады. Денсаулығы бұзылады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін мұғалім, сынып жетекшісі, бүкіл педагогикалық ұжым ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлесе отырып жұмыс атқаруы керек. Өйткені, бала тәрбиесіндегі теріс әдет-дағдылар ата-ананың қамқорсыздығынан, қадағалаусыздығынан, мейірімсіздіктен туады. Осындай тәрбиенің сәтсіздіктерінен «Тәрбиесі қиын» балалар кездеседі. Ол бала мектепке де, өз сыныптастарына да түрлі кедергілер келтіреді, ең алдымен өзі жапа шегеді .
R-ақпарат