• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Ноя 12, 2023
Spread the love
Бүгін Түлкібас ауданының орталығынан шалғай орналасқан Келтемашат ауылында Конституция күніне орай жаңа медициналық нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу шарасына Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Марат Жанесен арнайы қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа ғимараттарының ашылуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді шешу, әсіресе медициналық тірек ашу міндетін Үкіметтің алдына қойған еді. Қазақстан бойынша медициналық тірегі жоқ 650 ауылдың мәселесі шешілетіндігі айтылған еді. Міне Түлкібас ауданында Жолдауда айтылған мәселе көп ұзамай өз шешімін тауып жатыр.
Елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында биылғы жылы аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін 15 елді мекеннің 4-не заманауи жаңа нысан соғылып, ағымдағы жылы пайдалануға берілгелі отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Келесі жылы 5 елді мекенге, ал қалған 6 елді мекенге 2025 жылы заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер соғу жоспарлануда.
Айта кетейік, Келтемашат фельдшерлік акушерлік пунктінің аумағы 20 соттық. Құрылысы өткен жылдан өтпелі болып,биыл аяқталып отыр. Орталық 20 адам қабылдауға шақталған. Іші қажетті заманауи құралмен толық жабдықталған

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика