Төлеби аудандық ауруханасының клиникалық- биохимиялық зертханасы жылдан-жылға алдыңғы қатарлы жаңа медициналық құрылғылармен толығуда. Соның бірі өткен 2022 жылы қол жеткізген *”Chem 300 plus* автоматты биологиялық анализаторы болса, ағымдағы жылы ауруханамыз облыс бойынша алғашқылардың бірі болып заманауи аппараттар қатарын тағы LIAISION иммунохемилюминесценттық анализаторымен толықтырды. Құрылғыны қоюдағы мақсатымыз науқастардың лабороториялық анализдерін дұрыс талдап, дәрігерлердің оларға нақты диагноз қоюына ықпал жасау. Осы орайда құрылғылардың дұрыс жасап, сапалы диагностика жүргізіп жатқандығына көз жеткізу мақсатында Төлеби аудандық ауруханасы әкімшілігі италиялық Gesan Production SPL тұтынушыларын техникалық және ғылыми қолдау саласында 16 жылдық тәжірибесі бар білікті, білімді инженер *Массимилиано Джорданоны* шақыртты. Ол 2023 жылдың 18 шілдесінде біздің ауруханаға келіп, *Chem 300 plus* автоматты биохимиялық анализаторының барлық негізгі компоненттеріне кешенді диагностика жүргізіп, салқындату жүйесі, гидравликалық және оптикалық жүйелерін, сонымен қатар зертхана мамандарының жұмыс сапасын тексеріп, тәжірибесімен бөлісті. Тексеру кезінде анализатор параметрлерінен ешқандай ақаулар табылмады және зертхана мамандарымыз құрылғымен жұмыс жүргізуі кезінде ешбір қателіктер жібермеді.
Инженер Массимилиано Джордано осы құрылғылар арқылы зертхана мамандарына келген науқастарға оданда сапалы қызмет көрсете алатындығын , жұмыс процесінің тиімділігі мен оңтайлылығын, мінсіз жұмыс жасауға бағытталғандығын оданда терең түсіндіріп, зақымдалуы мен бұзылуларының алдын алуы бойынша маңызды ақпараттарымен және тәжірибесімен бөлісті.