• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ИНСУЛЬТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Ноя 12, 2023
Spread the love
Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханада инсульт орталығы іске қосылды. Аталған орталықта күрделі оталар жасалады деп күтілуде. Сонымен қатар, инсульт бөлімшесінде шет мемлекеттерден тәжірибе арттырған арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Оған қоса атаулы орталықта арнайы дағдыланған, тәжірибиелі мейірбикелер мен кіші қызметкерлер жұмыс істейді. Мекеме қызметкерлері бүгінде науқастарға емдік шараларын үздіксіз жүргізуде.
Орталық, компьютерлік томография, төсек орындар функционалды керуеттер, монитор сынды қажетті құрал-жабдықтармен толыққан.
Мұнда дәрігерлер тромболизистік терапия, нейрохирургиялық ота, ерте оңалту процедуралары, логопедтік массаж түрлерін яғни инсульттен кейінгі қалыпқа келтіретін ем дом шараларын жүргізеді. Осыған дейін Инсульт бөлімшесінде 4 нейрохирургиялық ота, 3 тромболизистік терапия емі жүргізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика