• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Дерматомикоздың алдын алу

Автор:admin

Ноя 12, 2023
Spread the love
Дерматомикоздар – микроскопиялық дерматофит саңырауқұлақтарынан туындаған тері ауруы. Инфекцияның негізгі көзі – үй жануарлары, әсіресе қаңғыбас жануарлар (мысық, иттер), сондай-ақ ауру адамдар. Инфекция науқас адаммен және жануармен тікелей (тығыз) немесе жанама байланыста, қол арқылы (қол алысқан кезде), жалпы пайдаланатын заттар арқылы жұғады.
Аурудың инкубациялық кезеңі бір аптадан бір айға дейін созылады. Саңырауқұлақтың теріні зақымдануының белгілері қоздырғыштың түріне және зақымданудың орналасуына байланысты:
— бастың түкті бөлігінде шаштың түсуімен және терінің қабыршақтануымен бірге жүретін бөртпе пайда болады;
— тегіс теріде дөңгелек қабыну дақтары пайда болады, дақтардың ортасында қабыршақтану байқалады.
Дерматомикоз халық арасында кең таралған. Бұл ретте науқастардың көпшілігі өз ауруларына мән бермейді, моншаға, саунаға, бассейнге, спортзалға, сұлулық салондарына барып, басқалардың денсаулығына қауіп төндіреді.
Дерматомикоз инфекциясының алдын алу үшін мынадай қаидаларды сақтау ұсынылады:
— басқа адамдардың бас киімдерін, киімдерін, аяқ киімдерін, тарақтарын, төсек-орындарын пайдаланбаңыз;
— қаңғыбас мысық пен иттерден аулақ болыңыз;
— жануарлармен байланыста болғаннан кейін және құмсалғышта ойнағаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;
— үнемі моншаға барыңыз немесе душ қабылдаңыз, бірақ санитариялық қағидаларға сәйкес профилактикалық дезинфекция жүргізілетін моншаларға, сауналарға, бассейндерге, спорт залдарға ғана бару қажет екенін есте сақтаңыз.
Ауру анықталған кезде аурудың таралуын болдырмау үшін отбасы мүшелерін, сондай-ақ ол байланыста болған барлық адамдарды тексеру қажет. Егер теріде және бастың түкті бөлігінде кез келген бөртпе анықталса, диагнозды уақтылы анықтау және тиісті емдеуді тағайындау үшін медициналық ұйымдардың дерматолог дәрігеріне щұғыл түрде баруды ұсынамыз.
Кез келген аурудың алдын алу емдеуден гөрі оңай екенін есте сақтаңыз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика