• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз болуы шарт

Автор:admin

Ноя 11, 2023
Spread the love

Ауыз су адам өмірі мен денсаулығына әсер ететін маңызды элемент. Сондықтан   тұтынатын ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.

Облыста санитариялық- эпидемиологиялық бақылау баасқармаларының қадағалауында  524 су құбырлары бар. Оның ішінде 26-сы мемлекеттік кәсіпорын және орта, ірі кәсіпкерлікке жататын 54 су құбырлары ерекше тәртіппен тексерулерге жатады.

Халыққа берілетін ауыз судың сапасы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында  талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу, сумен жабдықтау ұйымдарын өндірістік бақылау барысында қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысында 2023 жылдың 1-тоқсанында  орталықтандырылған ауыз су жүйелерінде микробиологиялық көрсеткіштерге 1 067 сынама алынып, 12 (1,12%) сынамадан сәйкессіздіктер анықталды, ал  санитариялық-химиялық көрсеткіштерге алынған  666 сынаманың  23 нен  (3,45 %)  сәйкессіздіктер анықталды.

Сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық іс-шаралар жүргізгеннен кейін,  қайталама зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша ауыз су сынамалары гигиеналық нормативтерге сәйкес келді.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болмаған ауыз суды тұтынудың салдарынан облыс тұрғындары арасында несептас, өтке тас байлау сияқты аурушаңдықтар тіркелген.  Сондай ақ, судың таза болмауы  тырысқақ, іш сүзегі, бактериялық дизентерия, жұқпалы өткір энтерит ішек инфекцияларының туындауына алып келуі мүмкін.

Сондықтан халықты ауыз мен қамтамасыз етуші мекемелерді  ҚР ДСМ бекіткен №26 бұйрыққа сәйкес санитариялық талаптарды  ұстануға шақырамыз.

Н.Нышанов Түркісан облысының СЭБД басшысы

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика