Мақсат Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрді дәріптеу, жастарды әдепті және мәдениетті әрі білімді болуға, шет мемлекеттерде діни білім алу үшін алдымен өз елімізде діни сауат ашуға, мектеп формасы мен этикасын сақтауға шақыру. Сол сияқты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткендей синтетикалық есірткіге елірмей, салауатты өмір салтын ұстану жайы да айтылды. Оқу қыздарға ерте жүктіліктен сақтану ескертілді. Статистикалық мәліметке сенсек Қазақстанда 7 мың оқушы жүкті болып қалған деген дерек бар.
Кездесулер аудандағы төрт колледжде өтті. Деструктивті ағым жетегінде жүрген студенттерге діни сауат ашуды елімізде алуға кеңес берілді. Оқытушылардың айтуынша, радикалды көзқарастағы қыздардың сабақ оқуға ниеті жоқ.