Инсульт – мидың жүйке жасушаларының зақымдануы мен өлуіне әкелетін ми қанайналымының бұзылуы.
Инсульт өте қауіпті ауру! Ол кенеттен және жылдам дамиды. Салдарынан науқас өліп кетуі мүмкін. Инсульттің симптомдарын байқаған бойда науқасқа жедел медициналық көрмек көрсету керек!
Инсульттің тағы бір салдары- ол адамның мүгедек болып қалуы. Инсультпен ауырған адамдардың 70-80 пайызы мүгедек болып қалып жатады.
Келесі патологиялық күйлер инсультті тудырады, олар – миға қан құйылу, мидың инфарктісі және торлы қабық астына қан құйылу жатады.
Инсультті тудыратын факторлар:
• Гипертониялық ауру (қан қысымының жоғары болуы)
• Ұйқы артериясының стенозы (тарылуы)
• Тромбоз
• Эмболия
• Қанұйығыштықтың бұзылуы
• Ми тамырларының аневризмі
• Жүрек ритмінің бұзылуы
• Атеросклероз және басқа да жүрек- қантамыр аурулары
• Қант диабеті
• Зиянды әдеттер (темеке, алкоголь)
• Ұйқысыздық
• Майбасу
• Демнің тоқтауы (демнің 10 секундтан артық тоқтауы)
• Ағзаның салқындап қалуы
• Жарақаттар
• Адамның жасы үлкеюі
Инсульттің түрлері
Ишемиялық инсульт (мидың инфарктісі) – инсульттің ең жиі кездесетін түрі. Ми артерия тамырыны тарылып немесе бітеліп қалғанда, миға қан келу кенет тоқтайды. Ми жасушалары оттегімен келетін пайдалы қоректен айырылып, аз уақыттың ішінде өле бастайды.
Геморрагиялық инсульт (ми ішіндегі гематома). Инсульттің бұл түрі қантамырдың жарылуынан немесе тесіліп ағуынан болады.
Транзиторлы ишемиялық шабуыл немесе микроинсульт
Инсульттің бұл түрі қысқамерзімді (5 минуттан) кем инсульт симптомдарының орын алуы.
Микроинсультте тромб миға қанның айдалуын бұзады, бірақ үлкен зақым тигізбейді, өйткені тамырдың бұғатталуы уақытша ғана болады.
Маңызды! Микроинсультте де жедел жәрдем шақыру керек!
Аурудың салдары әр адамда әртүрлі болады. Кейбірінде тіпті болмауы да мүмкін. Ал кейбірінде уақытша немесе мәңгілік мүгедек болып қалу қаупі бар. Салдары:
• Сал ауруы немесе бұлшық еттердің қимыл жоғалтуы
• Сөйлеудің немесе жұтынудың бұзылуы
• Есін жоғалту
• Дененің кейбір бөліктерінің ауырсынуы немесе ұюы
• Өз-өзін күтіне алмау
Диагностика
— дәрігердің тексеруі, сырқатнаманы зерттеу
— қан талдауы
—-компьютерлі томография
— магнитті-резонансты томография (МРТ);
— ұйқы артериясын узд арқылы тексеру
— артериография;
— эхокардиография.
Инсультті емдеу
Инсультті емдеу 3 кезеңнен тұрады:
—жедел медициналық көмек көрсету
—стационарлық емдеу
— реабилитация
Алғашқы сағаттарда дәрігерлер алғашқы жедел көмекті көрсетеді.
Алғашқы күндері стационарда өлім қаупін азайтатын, мидың зақымдануын азайтатын, инсульттің қайталап ұстамауы үшін қарқынды терапиямен емдейді.
Келесі апталар мен айларда жағдайды бірқалыпты ұстайтын дәрі-дәрмектер беріледі және дәгірлердің бақылауында болады.
Емдеу
Ишемиялық инсультті емдеуде тромбтарды ыдыратушы дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Сонымен қатар,инсультті болдырмас үшін әртүрлі дәрі-дәрмектер, екпе дәрілер және басқа да мдеициналық процедуралар қолданылады
Гемаррагиялық инсультті емдеу. Ең алдымен миға қанқұйылуды жылдам тоқтатуға тырысады. Ми артериясында түзілген тромбты алып тастау үшін нейрохирургиялық ота жасалады.
Одан бөлек, науқас жоғары артериялық қысымды түсіру үшін дәрігер жазып берген дәрі-дәрмек ішеді.
Қосымша «маннитол», барбитураттар мен стероидтар берілуі мүмкін.
Ауруханадан шыққан соң науқас инсульттан кейінгі реабилитациядан (қайта қалпына келу) өту керек. Бұл инсультті қайта болдырмас үшін керек. Арнайы реабилитациялық орталыққа барған дұрыс.
Инсульттан кейін қайта қалыпқа келу
• Емдік дене шынықтыру (кинезотерапия)
• Массаж
• Ауырсынуды басу. Оған арнайы электротерапия, магнототерапия және лазеротерапия процедуралары жасалады.
• Ұлпа трофикасын жақсарту
• Сөйлеуді қалыпқа келтіру
• Психологиялық және әлеуметтік адаптация. Инсульт алған адамға достардың, отбасының және жақын адамдардың қолдауы өте қажет.
Профилактика
Инсультті болдырмас үшін қауіп тудыршы факторларды жою керек. Келесі ережелер мен нұсқаулықтарды орындау – инсульттің немесе қайталама инсульттің алдын алады. Олар:
• Жан тыныштығын сақтау, позитивті ойда жүру
• Бірқалыпты салмақта жүру, майбасуды болдырмау
• Дұрыс тамақтану, дәрумендер мен микроэлементтерге бай көкөніс пен жеміс-жидек көп тұтыну
• Тұздан шектелу
• Белсенді өмір салтын ұстану
• Ұйқыны қандыру.
• Зиянды әдеттерден бас тарту (темекі, алкголь, есірткі)
• Артериялық қысымды бақылап жүру(гипертонияда)
• Қандағы қант диабетін бақылау
• Қандағы холестериннің көрсеткішін бақылау.