Түркістан облыстық әкімдігі мен Дін басқармасының ұсынымен «Әйел әдемі әдебімен» жобасы алдымен Сайрам ауданында басталды.
Аты айтып тұрғандай әдеп мәселесі, бауырмалдық, бөлінбеушілік, ұрпақ тәрбиесі, жат ағымнан сақтану тақырыптары қамтылды.
Әйел затына отбасының ішкі-сыртқы саясаты тікелей байланысты. Қазір үйленуден ажырасу көбейіп кеткен. Бұған мектеп жасындағы қыздардың жүктілігін, оған болмашыға өз өмірін қиып жатқандарды, дінді ресми орындардан үйренбей адасқандарды тағы қосыңыз.
Мұсылман адамдар бір-біріне дене іспетті болуы керек. Өз тәнімізге қалай жанымыз ашыса, дәл солай бір-бірімізге жанымыз ашу керек. Бұ заманда әрбір адам өз нәпсісімен күресуі тиіс.