• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Құтыру ауруы қауіпті ме?

Автор:admin

Ноя 11, 2023
Spread the love
Құтыру (лат. rabies) — құтырған хайуанаттардың: иттің, мысықтың, түлкінің, қасқырдың шакалдың қабуынан немесе тістеуінен пайда болады. Жарқанат және басқа хайуандар да құтыруды таратушы болуы мүмкін.
Төзімділігі
Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған күйде айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігін айырады.
Індеттік ерекшеліктері
Құтырумен барлық жылы қанда үй және жабайы жануарлар, сонымен бірге адам да ауырады. Ит тектестер, сусар тектестер, жарқанат, кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы аса бейім. Бұлардан адам мен төрт түлік малдың бейімділігі төмен, ал құстардың бейімділігі өте төмен. Жас жануарлар ересектерінен гөрі құтыру вирусына сезімтал келеді. Құтыру табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына жатады, оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және жабайы ет қоректілер, ал кейбір өлкелерде — жарқанат. Қорламасына байланысты құтыру індетінің табиғи және қалалық түрлері болады. Инфекция қоздырушысының бастауы қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар, ал табиғи індет кезінде жабайы ет қоректі жануарлар.
Дерттенуі
Вирус денеге түскен соң аз уақыт енген жерінде сақталады да, жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында алдымен жұлынға, соғынан миға өтеді. Қоздырушының мидың сұр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп соғады. Мидан вирус қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі. Онда жүйке торшалары бүлінген кезде вирус бездің түтігіне өтіп, сілекеймен араласады. Мидан қоздырушы сонымен қатар көздің тор қабаты мен мүйіз қабатына, бүйрек үсті безіне жетеді, бәлкім оларда да өсіп өнеді.
Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтыру жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтыру өршіген және бәсең түрде өтеді. «Өршіген құтырудың» 2 кезеңі болады:
• біліне бастаған;
• көтерліген;
Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақуруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болтаныдықтан, өте сақ болған жөн.
Патологиялық өзгерістер
«Патологиялық өзгерістердің» құтыру кезінде айтарлықтай ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қарастырғанда ғана айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. Басындағы, мойынындағы жүндері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген. Қарыны бос, ет қоректі жануарлардың қарынында жеуге жарамсыз заттар болады.
Емі
Құтырған жануарды емдемейді, тез арада өлтіреді, өйткені оның адамға ауру жұқтыру қаупі зор.
Құтырудың белгілері
Хайуандарда
• Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;
• Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;
• Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.
• Хайуан 5-7 күннің аралығында өледі.
Адамдарда
• Тістеген жер ауырып, ысиды;
• Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады;
• Ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;
• Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас урады;
• Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.
Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан қутырған болуы мүмкін деген ой келсе:
• Хайуанды байлаңыз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз;
• Тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі асқын тотығымен (перекисьпен) жақсылап тазартыңыз, жараны жаппай, ашық қалдырыңыз;
• Егер хайуан бір аптага жетпей өлсе (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе) зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы дәрі шанышады.
Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек. Ал ол белгілер көрінгеннен кейін ештеңе де, тіпті осы заманғы медицина да адам өмірін құтқара ала алмайды.
Алдын алу
• Құтыруды деп сезік туғызған кез-келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз);
• Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;
• Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан балаларды аулақ үстаңыз.
Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика