• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы – жеке адам өмірінің мәні ғана емес, ұлт өмірінің дирижері

Автор:admin

Сен 22, 2022
Spread the love

Отбасы болар мемлекеттіліктің іргетасы, ұлттың негізгі күші және бірегейлігі. Отбасы саналы адамдардың бірге бірлесіп құратын шағын мемлекеті. Бұлай дейтін себебіміз, адамның тұлғаға, оның өз кезегінде дара тұлғаға айналу ісінде отбасы құндылығының негізгі рөл атқаратындығы сөзсіз. 2013 жылы Президент жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленді. Оның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту. Жылдар өткен сайын адам баласы өркениет жалына жармаса түскенімен, адам өмірінің сәнін келтіріп мәнді қылатын рухани құндылықтардан (ұлттық – автор) ажырап бара жатқан секілді. Жаһандану деп аталатын әлемдік құбылыс қармағына іліксек те, ұлттық бет-бейнемізді сақтау басты мақсат болып отырған таңда отбасы құндылықтарына мемлекеттік деңгейде ерекше ықылас қоюдың мәнін ұғынамыз.

Отбасынан жаман мен жақсыны айырып өскен тәрбиелі жанның мемлекет үшін баға жетпес байлық екендігі де даусыз. Мейірімділік пен қайырымдылық секілді адами қасиеттерді бала бойына сіңіру отбасында жүзеге асатын қасиет. Мейірімді жан – қоғамға қайырымын төгетін тұлға. Яғни, өзгеге жақсылық жасау қолынан келетін адам.

Ата-бабаларымыз, олардың көзін көріп өскен асылдың сынығы болған әкелеріміз бен әжелеріміз ұлттың қауіпсіздігін қорғауға зор үлес сіңірген жандар десек те, артық айтпаған болар едік. Өйткені, олар өздерінің саналы ғұмырын, бар күш-қуатын ұрпағының есті адам болып өсуіне арнады. Өздерінің қарақан бастарының қамын күйттемей, кейінгі ұрпағының тәрбиелі әрі ата-бабасының ісіне беті қызармауының қамы үшін ар тазалығын бәрінен де жоғары қойды. Ұрпағын да ар тазалығымен тәрбиелеуге ерекше мән  берді (Сөзімізге осы мағынадағы этнологиялық мәні биік мақал-мәтелдер, даналық сөздер дәлел бола алады). Сондықтан да, дархан байтақ даламызды атүстінде жүріп, найзаның ұшымен ғана қорғап, кейінгі ұрпаққа аманаттап кеткен рухты іс түзу тәрбиенің жемісі болса керек-ті. Ата-ана баланы ел мен жерді қастерлеуге тәрбиелеген. Ел мен жерді қадірлей білген сана батырлық рухты оятқан.

Сонымен, елдік сананың ұйытқысы – шаңырағы шайқалмаған отбасы. Қазақ баласы шаңырақты қадірлеп, қастерлей білген. Шаңырақ иесі бүкіл отбасы өміріне ұйытқы болған. Шаңырақ киелі саналғандықтан, оның иесі ер азамат та ерекше құрметтеліп, киелі саналған.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика