• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Инсульттің алдын алу

Автор:admin

Ноя 11, 2023
Spread the love
Инсульт – ми қанайналымының жіті бұзылуы.
Инсульттің уақтылы алдын алу жеті қарапайым қағиданы қамтиды:
1.Артериялық қысымды (АҚ) бақылау. Гипертониясы бар пациенттер АҚ күні бойы қайта-қайта өлшеп отыру қажет: таңертең, түскі уақытта және кешке және «АҚ өз бетімен бақылау» деген күнделік түріндегі дәптерге жазып отыру қажет. Осы күнделік қысымның артуын уақтылы диагностикалауға және оны төмендету және инсультке жол бермеу бойынша уақтылы шаралар қолдануға көмектеседі;
2.Ырғақсыздықпен күресу. Жүрек соғуының бұзылуын уақтылы диагностикалау және дұрыс емделу үшін, жылына екі рет электрокардиографияны (ЭКГ) жүргізу қажет.
3.Зиянды әдеттерге жоқ дейміз. Темекі шегушілерде инсульт дамуының қатері екі есе (!) көп. Қатерді өте қарапайым және ықпалды шарамен төмендетуге болады: темекі шегуді тоқтату.
4.Зұлым қант диабеті. Диабет кезінде пайда болатын тамыры қабырғаның өзгерсітері инсульт дамуының қатерін бірнеше есе арттырады. Сондықтан, глюкоза деңгейін анықтау үшін жылына бір реттен сирек емес қан анализін тапсырып отыру қажет. Ал диабет анықталған жағдайда, емдейтін дәрігердің ұсынымдарын қатаң орындау қажет;
5.Семірудің алдын алу. Семірудің алдын алу үшін қарапайым қағидатты сақтау өте маңызды: энергияны тұтыну оны жұмсаудан аспауы тиіс.
6.Тромбоздардың алдын алу. Өкінішке орай, қанның микроұйысуы ырғақсыздық кезінде ғана емес, олар жиі аяқ тамырлары түйнеліп кеңейген науқастарда, әсіресе отадан кейін байқалады. Сондықтан, тромб түзілуінің алдын алу инсультпен күресу кезінде маңызды болып табылады;
7.FAST – test. Инсультті үй жағдайында диагностикалау үшін өте қарапайм және аса сенімді тест бар, ол 80% жағдайда инсультті айқындауға мүмкіндік береді. FAST аббревиатурасы мынаны белгілейді:
-Face – бет: науқастан күлімсіреуді немесе тісін көрсетуді сұрайды, инсульт кезінде беттің ассиметриясы байқалады, ауызының бұрышы бір жағына салбыраған сияқты болады;
-Arm – қол: пациенттен екі қолды көтеріп, 5 секунд ішінде ұстап тұруды сұрайды; жатқан қалпында 90 градусқа және отырған қалпында 45 градусқа, инсульт кезінде бір қол түсіп кетеді;
-Speech – сөйлеу: пациенттен бір қарапайым сөзді айтуды сұрайды, инсульт кезінде сөзі анық емес, түсініксіз;
-Time/test – уақыт/тест: жоғарыда аталған симптомдардың тым болмаса біреуі болған жағдайда, дереу жедел жәрдемді шақырту қажет. Мұндай жағдайда уақыт өте қымбат және адам өмірін сақтап қалып, оны көптеген қиындықтардан құтқара алады.
Біліңіздер – өмірлерің ұзақ болсын!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика