• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Денсаулық: Тамақтан улану, оның алғашқы белгілері мен алдын алу жолдары

Автор:admin

Ноя 10, 2023
Spread the love

Көктем, жаз ай­ларында тамақтан улану­ жиі тіркеледі. Тамақтан, яғни астан улану – тағам арқылы берілетін этиологиясы сан алуан кеселдер тобына жатады. Тамақтан улану — табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру. Улану деген не?

Жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы – уланудың негізгі белгілері. Азық-түлікпен улану немесе тамақтан улану – сапасыз өнімдерді пайдаланудан болатын ауыр жағдай. Тамақтан улануға мерзімі өткен сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер – бірден-бір себеп. Тамақтан улану кезінде іш ауырады, жүрек айнуы, құсу, іш өту, денедегі әлсіздік болады. Қазіргі уақытта адам кез келген жерден улануы мүмкін. Мысалы, белгісіз құрамды етпен дайындалған фаст-фуд тағамдары, салаттар, бәліштер және шаурма микроорганизмдердің ортасы саналады. Тамақ токсикоинфекциясы, яғни тағамнан улану микроорганизмдері, олар — стрептокококтар, стафилококтар, ботулизм бактериялары, шигеллалар, сальмонеллалар.

Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Микроорганизмдер сапасыз тамақ ішкеннен кейін, оған түскен микробтарға байланысты уланудың алғашқы белгілері тамақтан кейін бір-екі сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, басқа жағдайларда олар қоздырғышқа байланысты 12 және одан да көп сағаттан кейін пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жиі (тәулігіне 10-20 рет) іш өту пайда болады. Адамның жалпы көңіл күйі нашарлайды: артериялық қысым төмендейді, пульс жиілейді, температура көтеріледі, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін. Тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажет: — жеке гигиена ережелерін сақтау; — қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін; — тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады; — ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау; — тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс; — жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек; — өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау.

Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс; — өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет; — қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек; — ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды; — барлық жұмыртқаның қабығын хлорамин ерітіндісімен немесе содасы бар жылы сумен жуыңыз. Таза судың мол ағынымен шайыңыз; — жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз; — қаны бар бифштекстерді, жұмыртқадан жасалған глазунь жемеген дұрыс; — дайын өнімдерді сақтаудың жалпы температурасы – +5 градус; — суық тағамдарды екі тәуліктен артық пайдаланбау керек; — ыстық тамақты екі сағаттан артық сақтамау керек; — тамақты қолмен аз ұстау керек. Тамақтан уланудың алдын алу, олардың салдарларымен күрескеннен гөрі, тамақ     сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау, тамақтан улануға жол бермейді. Супермаркетте сатып алуды азық-түлік емес тауарлардан бастаңыз, содан кейін салқындатылған сусындарға және құрғақ өнімдерге өтіңіз. Одан әрі жемістер мен көкөністер бөліміне, содан кейін салқындатылған ет бөліміне барыңыз, гастрономиялық сөреге тоқтаңыз, содан кейін тұтынуға дайын бірнеше өнімдер мен салқындатқыш сусындарды алыңыз. Соңғы кезекте мұздатылған  өнімдер мен ыстық өнімдер бөліміне барыңыз. Азық-түлікті арбаға немесе себетке салған кезде, суық және ыстық тамақты, сондай-ақ шикі және дайындалған азық- түлікті бөлек ұстауға тырысыңыз. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да, сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз:

— өнімдердің орамасы зақымдалған жоқ па? — жемістер мен көкөністер соғылған емес пе? — жұмыртқалар сынған жоқ па, себебі олар тез бұзылады;

— өнімнің орамасына салынған жарамдылық мерзімінің күнін қараңыз. Егер жоғарыдағы қасиеттердің бірі тағамда болса, микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады;

– Консервіленген, кептірілген және мұздатылған өнімдерді белгіленген мерзімге дейін ғана қолданылады. Өнімнің сапасы (дәмі, сыртқы түрі және иісі) қолданылу мерзімі аяқталған соң нашарлайды. Тамақтан уланбау үшін азық-түлік сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет. Жазда азық-түлік өнімдерінің ластануына үлкен қауіп бар. Себебі шыбын-шіркейлер молаяды, олар микробтарды тасушылар болып саналады және күннің ысуы да себеп. Сатып алынған өнімдерді үйге тасымалдау да үлкен маңызға ие. Жазғы ыстық күндері автомобиль салонындағы температура 30°С және одан жоғары болуы мүмкін. Үйге барған кезде тамақ өнімдерінің бүлінбеу үшін желдеткішті қосыңыз немесе терезелерді ашыңыз, ал оралған өнімдерді күн сәулесінен тыс орналастырыңыз. Өнімдерді ыстық көлікте қалдырмауға тырысыңыз. Жазда өнімдерді тасымалдау үшін автомобиль тоңазытқышын пайдалануға болады. Тағамдарды жылумен өңдеу – тағамнан улануды болдырмаудың бірден-бір жолы. Алайда профилактикалық қауіпсіздік шаралары қаншалықты мұқият сақталса да, азық-түлік өнімдеріндегі микроорганизмдердің болатынын ескеру қажет.

Сондықтан қауіпсіздік үшін жеткілікті жылумен өңдеу өте маңызды. Ең жақсы нәтиже пісіру (қыздыру біркелкі және +80°С (өнімнің ішінде) жетеді. Қуыру кезінде жоғары температураға өнімнің бетінде ғана, ал ішінде тек +60°С болуы мүмкін. Котлеттер, ет және балық фаршынан жасалған тамақтар, балық, ет кесектерін маймен 10 минут бойы қуыру қажет, кейін пеште немесе қақпақтың астында 5-8 минут қыздырылады (ет толық дайын болған жағдайда кесек қалыңдығындағы температура +80°С-тан төмен болмауы тиіс, бұл ас ортасын тескен кезде бөлінетін түссіз шырынды көрсетеді).

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика