• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасы беріктігі – мемлекет байлығы

Автор:admin

Сен 22, 2022
Spread the love

2017 жылдан бастап қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып бекітілді. Содан бері «Отбасы күні» ел көлемінде кеңінен аталып өтуде.
Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген тәмсіл бар. Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсері зор. Және оны өмірдегі басқа құндылықтармен салыстыруға болмайды. Сондықтан отбасы және отбасыны біріктіретін құндылықтар мен қасиеттер жөнінде тәрбиелік сағаттар балабақшадан бастау алады.

Отбасы болғаннан кейін түрлі оқиғалар орын алады. Осыған орай, отбасы институтын жақсарту, зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларды қорғау мақсатында елімізде түрлі профилактикалық шаралардың болып жатқаны баршаға аян.  Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы  мен әсер күшінөмірдегі басқа  ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды,ата-ананыңберген тәлім–тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Адам өмірінің мәні  мен  сұлулығы, адамның келешегіне деген сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәт те естен шығармауында.Бұл–жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, адамшылығының белгісі. Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл ХХ ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру мемлекетіміздің басты саяси мақсаты болып табылады.

Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.

Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика