• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Тамақтан уланудың алдын алу

Автор:admin

Ноя 9, 2023
Spread the love
Тамақтан улану – ластанған немесе бүлінген тағамдарды тұтынған кезде пайда болатын ауру түрі. Ауру адамнан адамға берілмейді, жұқпайды. Бұл ауру мерзімі өткен немесе дұрыс сақталмаған сүт өнімдері, нитраттары көп тағам өнімдері, жабық консервілер, ет, балық, чикен, балмұздақ, йогурт т.б. тағам өнімдерін пайдаланғанда болады.
Сапасыз тағамдар микробтардың көбеюіне, олардың уының пайда болуына жағдай туғызып, адамдардың тамақтан улануына алып келеді. Уланудың алғашқы белгілері бір-екі сағаттан бастап 1-2 апта аралығында пайда болады. Уланған адамда жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, жиі (тәулігіне 10-20 рет) іш өту пайда болады. Артериялық қысым төмендейді, жүрек соғысы жиілейді және дене қызуы көтеріледі, кейде естен тану арқылы тырысулар пайда болуы мүмкін.

Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады.

Тамақтан улану — ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады.

Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.

Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.

Табиғаты бактериалды тамақтан улану — белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен (токсиндері) зараланған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.

Тамақтан уланудың жалпы сипаты: Олардың пайда болуы ас ішуімен тікелей байланысы;белгілі таралу жолының болмауы; ас қорыту жолының гастроэнтериті; Әлсіз организм улануымен өтеді. Тамақтан улану (К.С.Петровский ұсынысы бойынша) Микробты: Токсикоинфекция, Токсикоз, Микотоксикоз.

Микробсыз: өсімдік текті азықтар, жануар ,улы химиялық заттар.

Ерекшелігі: маусымдылығы айқын, жасырын кезеңі ұзағырақ. Дене қызуы көтеріледі. Ағымы тек қана жедел болады. Бір аспен 2-ші ас байланысты жаппай улану айқынырақ. Летальдылығы төмен.

Микробсыз тамақтан уланудың ерекшелігі: Маусымдылығы жоқ. Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін). Дене қызуы көтерілмейді. Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал. Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты. Жаппай уланудан айқындылығы аздау. Токсикоинфекциялар — микроорганизммен көп дәрежеде тұқымданған (1 мл немесе 1г азықта 10,6-10,7) тағам мен азықтардың тұтынудан туындайтын жаппай кездесетін ауру.

Токсикоинфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер: Ішек таяқшалары-Е.coli:Протей таяқшасы; Cl.perfringens; Bac.cereus; Микробсыз тамақтан улану. Микробсыз тамақтан улану микробы улануға қарағанда жалпы уланудың 5-10 %-н құрайды. Уланудың бұл тобына өсімдік текті азықтармен, жануар, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады.

Микробсыз тамақтан улану түрлері. Улы өсімдік текті өнімдермен, саңырауқұлақтармен, дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арамшөптік токсикоздар). Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие жануар текті азық-түліктермен улану. Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдары. Инфекция көзін оңашалау, тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштардың азық-түліктерде тұқымдану жолдарын үзу. Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды заласыздандыру, микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің алдын алу.

Тамақтан уланудың профилактикасы

1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.

2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.

3.Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.

4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.

5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.

6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.

7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.

8.Ас үйді таза ұстаңыз.

9.Таза суды пайдаланыңыз.

10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.

Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.

Тамақ сатып алудан бастап тамақтанғанға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шараларын сақтау — тамақтан улануға жол бермейді.
Тамақтан улануды болдырмау үшін тағамды сақтау мен дайындаудың ережелерін сақтау қажет:
— жеке бас гигиена ережелерін сақтаңыз;
— тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтаңыз;
— жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдаланыңыз;
— өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақтамаңыз;
— өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет;
— қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек;
— жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз;
Азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз:
— өнімдердің орамасы зақымдалмаған ба?
— жұмыртқалар жарылмаған ба?, себебі олар тез бұзылады;
— өнімнің орамасына салынған жарамдылық мерзімінің күнін қараңыз. Себебі өнімнің сапасы (дәмі, сыртқы түрі және иісі) қолданылу мерзімі аяқталған соң пайдалануға болмайды.
Естеріңізде болсын! Қарапайым ережелерді сақтау арқылы өзіңізді және отбасыңызды тамақтан уланудан сақтайсыздар.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика