• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

САУРАН АУДАНЫНДА КЕНЕМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛУДЕ

Автор:admin

Ноя 8, 2023
Spread the love
Адам  денсаулығына қауіпті   зиян  келтіретін  жәндіктердің бірі  кәдімгі  күнде мал қорада, мал үстінде, табиғатта  кездесетін   кенелер. Сол  кене  буын  аяқты  қансорғыш,  адам  денесіне  аса  қауіпті  «Конго-Қырым  геморрагиялық  қызбасы, кене  энцефалиті, кене  риккетсиозы» ауруларын  таратады.
Бұл аурудың  аса  қауіпті  аталуы  егер  науқас  дер  кезінде дәрігерге  көрініп  емделмесе қанның  көп  кетуінен  өлімге  әкеп  соқтыратынында. Бұл  аурулардың  қоздырғышы  вирус,  вирусты  тасымалдайтын кене    адамды  шаққанда  ғана  жұқпайды,  сондай-ақ  малдағы   кенені   жалаң  қолмен  жұлғанда,  езіп  өлтіргенде, қой  қырқу  кезінде  кенені  қырқып   тазартқанда   кененің   қаны   шашырағанда   жұғуы  мүмкін.
Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садыбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары қаралды. Комиссия отырысына аудандық емхана басшысының орынбасары Асел Өтегенова,Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы Гүлжан Бөрібаева, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдулла Мырзагелдиев және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасының қарсы күресті күшейту шаралары талқыланды. Қауіпті деген аймақтарды залалсыздардыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді күшейту жайы да сөз болды. Ол үшін аудан әкімінің орынбасары ауыл округ әкімдеріне қауіпті аймақтарды қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырды.
Аудандық емхана Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасына қатысты ауыл тұрғындарымен бірге семинарлар өткізген. Тұрғындарды сақтандыру үшін ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жаз айларында тұрғындар барынша қауіпсіздік шараларын ұстанған абзал. Егер кене шаққан жағдайда өзінше әрекет етпей, жедел түрде дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.
Аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша ️кенеден сақтанудағы ең маңыздысы ауыл тұрғындарының мал бастары мен қораны залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу қажет. Тазартылмаған қораларды улау еш нәжиже бермейтіні анық. Сондықтан қора тазалығына мән берген дұрыс.
Комиссия отырысы аудан әкімінің орынбасарының тиісті салаға жауапты мамандарға тапсырма беріліп қорытындыланды. Тұрғындардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды, төтенше жағдайда жедел қызмет көрсету керектігін екшеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика