Адам жанының арашашысы ақ халаты абзал жандарды арнайы құрметтеп, еңбектерін ерекше елейтін маусым айының үшінші жескенбісі – медицина қызметкерлерінің күні елімізде жылда аталып өтіледі. Ия, денсаулығымыз сыр беріп, бас ауырып, балтыр сыздап, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашан да дайын тұратын дәрігерлерді әрдайым дәріптеп тұрсақ, артық етпейді. Бұл мақалада хирург-дәрігерлердің еңбектерін ескергенді жөн көрдік.
Адам өмірін құтқару – ол үшін күнделікті әдетке айналған. Медицина саласында ең экстремальды болып саналатын мамандық – хирург. Терең білім мен теориядан өзге бұл сала қызметкерінде жәрдем беру қасиеті – маңызды.
Хирург өз жұмыс орнында радикалды, паллиативті және диагностикалық оталар жасайтыны белгілі. Оларға сондай-ақ, жоспарлы не кешіктірмей шұғыл отадан басқа, науқастың жағдайы ауыр болған кезде шұғыл шешім қабылдап, тез арада қолға алатын жедел ота жасауға да тура келеді.
Сондай жандардың бірі – есімі елге таныс, қолы алтын хирург-дәрігер, Ленгір қалалық ауруханасының жоғары санатты хирург дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты – Султанов Елдос Едигеевич.
Султанов Елдос Едигеевич 09.08.1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген.
Дәрігер болуды мен бала кезінен армандаған болашақ дәрігер Шымкент медицина училищесіне оқуға түсіп, оны 1991 жылы бітіріп шықты.
Е.Н.Султанов: «Мектеп бітірдім, медициналық училищеге түстім, жұмыс жасап медициналық білімімді әрмен қарай жалғастырдым.
Бұл салаға келудің бірден-бір себепкері әжем болды. Атам 76 жасында аяғының тамыры бітіп, гангрена болып аяғы кесілді. Атам ауруханадан уйге келгенде байлап таңатын дәрігердің жоқшылығы болар, ауылда әжем менің батылдығымды байқады ма маған жасатып жүрді. Осы бір жағдай себеп болған болар 8 класты бітіріп, медициналық училищеге түстім. Сонда атама жаным ашып жүргені ғой.
Мақсатқа жетудің басты қағидалары: ол өмірге деген ұмтылыс, осы жағдайға алып келген ата-анамның алдындағы парызымды орындау.
Өмірімде қыйындықтар кездесті, оның барлығына төтеп берудің бірден бір ж өзіме сенімділігім, ата-анам, өзімнің отбасым, сүйген жарым мен балаларымды жақсы көремін. Соларға деген махаббатым, отбасыма деген сенімділігім маған күш-жігер береді.
Өмірдегі ұстанатын қағидам маған атамнан, әкемнен берілген болар адал, шыншыл болу. Біреудің ақысын жемеу, тәкаппарлықтан алысырақ болу.
Отбасы деген ердің тірегі менің түсінігімде.Ерлі-зайыптылар бір-бірін сүйіп қосылса, өмірге келген перзенттері сол қағидамен өседі. Біз сол ата-бабадан көрген тәрбиемен келеміз. Ең керегі адами қасиеттен айрылмау керек. Имандылық болса, ең керегі сол шығар.
Ұрпақ тәрбиелеудегі ең басты мақсат, ата-анаға деген мейірімділік, бауырға деген бауырмашылық, ағайын-туыс, досқа деген адалдық болу керек.
Маған берілген ең құнды, баға жетпес сый – осы өмірге келуім. Ата-анамның осы деңгейге жеткізу үшін берген тәрбиесі. Және маған бағыт берген жарым және үш ұлым».
Жалпы, медицина саласында қызмет ететін хирург бұл саланың, оның ішінде хирургияның өте бөлек, күрделі, жауапкершілікті қажет ететін мамандықтардың бірі екенін үнемі айтып отырады. Хирург техникалық тәжірибені қажет ететін өте маңызды мамандық деп айта аламыз. Операцияның арнайы техникасын білмесеңіз, ішектің қарапайым тігісі де білім мен дағдыларды қажет етеді. Бұл дұрыс жасалмаса, ауруда жағымсыз асқынулар пайда болады дейді.
Практикалық тәжірибе ең маңызды болып есептелетін салада қызмет ететін кейіпкердің жамбылдықтар үшін есімі елеулі. Талай жанға қайта өмір сыйлаған, ажалдан арашалап қалған дәрігердің жұмысы жеңіл деуге әсте келмейді. Құдды «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақал дәл осы мамандық иесіне арналғандай. Бұл соқпақ жолды қызметте еңбек ету – әр медицина өкілінің қолынан келмейтіні анық. Тіпті «қызыл диплом» да жұмыс барысында көмектеспейді. Ең бастысы – тәжірибе мен ержүректілік.
Хирургтердің міндеті – хирургиялық жолмен берілген ауруды емдеу. Сонымен қоса, стреске төзімді, қолмен жұмыс істеудің білгірі болуы керек. Жалпы хирург іш қуысы мүшелеріне, атап айтқанда, тиреоидэктомия, аппендэктомия, жырық (грыжа), өт қабын алып тастау, күйік, варикозды емдеу сияқты оталар жасайды. Хирургтің міндетіне абсцесті кесу, терінің зақымдануын алып тастау, жараларды тігу сияқты кішігірім оталардан бастап, күрделі отаға дейінгі дайындық, ота жасау, отадан кейінгі басқару кіреді.
Жауапкершілігі мол қызметте еңбек ететін бүгінгі кейіпкер – қызметіне адал, халқына жақын. Күн мен түнді елемейтін Елдос Едигеұлы секілді мамандар облыстың медицина саласын айтарлықтай дамытуға күш жұмсары анық.
Ия, бабаларымыз: «Алғыспен ел, жауынмен жер көгереді» деп бекер айтпаған ғой. Қиналып келіп, қуанып кетіп жатқан емделушілердің дәрігерлерге дән риза болып, алғыстарын айтуы – ақ халатты абзал жандардың адал еңбегінің арқасы. Олай болса, кейіпкерлерімізді кее жатқан төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тілейміз.
Ол адамзатқа берілген жақсы бір қасиет. Басқа мамандықтар сияқты медицина сласында дәрігерлер үздіксіз өршіп, білімін дамытпаса дұрыс емес. Одан бөлек адам жан-жақты болу керек. Тек бір сала емес, бағытта да дамыған дұрыс. Оның өмірде керегі бар.