• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ №3 ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев облыстық №3 перинаталдық орталықтың жұмыстарымен танысты. Басқарма басшысы перинаталдық орталықтың қабылдау бөлімінен бастап барлық құрылымдық бөлімшелерді аралап, науқастармен кездесіп жағдайын сұрады.
Перинаталдық орталық басшысы Ардақ Аязбеков орталықта атқарылып жатқан заманауи лабораториялық аппараттармен, жаңа алынған медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды.
№3 облыстық перинаталдық орталықтың мәжіліс залында медицина қызметкерлерінің қатысуымен медицина саласының маңызды мәселелері талқыланып, мәжіліс өткізілді.
Басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы перинаталдық орталық қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмыстарына жоғары бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев облыс тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда 10-ға жуық тұрғын өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдады.
Тұрғындар тарапынан денсаулығына байланысты көмек беру, жұмысқа орналасу, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Азаматтардың мәселеріне мұқият назар салған Асхан Мархабайұлы заң аясында жауап беріп, сауалдарды бақылауға алуды тиісті сала мамандарына жүктеді. Тұрғындардың басым бөлігінің мәселелері дер кезінде шешімін тапты.
Сөз соңында басқарма басшысы тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауында ұстайтынын айтты.
Айта кетейік, облыстың бас дәрігері Асхан Байдуәлиев Мархабайұлының жеке қабылдауына жазылу үшін канцелярия бөлімі 8700 205 93 67, 8725 335 93 67 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика