• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қандай ауру?

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love
Конго-Қырымгеморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) –бұл вирусқоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың қауіптілігі сол – медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда өлімге әкеліп соғу ықтималдылығыжоғары.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы ол — кенелер. Ауру сәуiр-қазан айлары аралығында жиі тіркеледі. Kенелер басым көпшілігінде далалық жерден ауылшаруашылық малдар арқылы үй ауласына кіреді. Кенелер үйге гүл шоғымен де, иттiң жүнiне iлесiп те келуі мүмкін. Олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кеш байқауы мүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық белгілері:Аурудың алғашқы белгілері: науқастың дене қызуының кенеттен 39-40С дейін көтерілуі, басының қатты ауыруы, көздің қызаруы және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуімен басталады. Ауру одан әрі дамыған жағдайда бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен,денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, асқазаннан, жатырдан қан кету белгілері,ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өлім жағдайына әкеліп соқтыруы әбденмүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу шаралары:
Табиғи ошақтар аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру қажет. Ауылшаруашылық малдарды бағып-күту және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасуды болдырмау мақсатында тұрғындар жеке қорғаныс үшін арнайы киім киюлері қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резеңке колғап).Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) қасыңыздағы адамдарға айтып, үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын, кенелерді үркітетін сақтану құралдарын (репелленты) қолдануға кеңес береміз.
Кене шаққан немесе кенемен жанасу болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.
Сонымен қатар аудан тұрғындарына жақын арадакүзгі эпидмаусымда жүргізілетін кезекті залалсыздандыружұмыстарының басталатындығын хабарлай отырып, елді мекен аймағында, үй ауласында, мал қораларда күл-қоқыс, қи-көңнен тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеміз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика