• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Баланың есен-саулығы – ерен бақыт

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог  –  Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тұрғындардың денсаулығын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударылды. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды. Әсіресе, ана мен сәби өлім-жітімін төмендету мақсатында нақты міндеттер жүктегені белгілі. Расында ұлт болашағы дені сау ұрпақпен байланысты. Олай болса, келешегіміз саналатын сол жеткіншектерге көңіл бөліп, қамқорлық көрсету басты міндет. Бұл орайда елімізде, оның ішінде Түркістан өңірінде өңірінде де ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде облыс орталығында балалар саулығын сақтауға қызмет ететін медициналық мекемелер баршылық. Солардың  бірі –  Ордабасы аудандық ауруханасының балалар бөлімі.

«Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» дейтін әрбір ата-ана үшін бауыр еті – баласының аман-есен ер жетіп, азамат болғанынан артық бақыт жоқ. Алайда, өмір болған соң небір жағдайлар кезігіп жатады.  Әсіресе, баласы ауру азабын арқаласа, ет-жүрегі езілетін ата-ана жай-күйі бәрімізге белгілі. Осындайда бірінші Алладан, екінші ақ желеңділерден жәрдем тілейміз. Ордабасы аудандық ауруханасының балалар бөлімі қаншама сырқат жеткіншектердің жанына сая, дертіне шипа дарытып, талай сәбиді ажал аузынан алып қалған құт мекен дерсіз.

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде Жалағаш аудандық ауруханасы жүйелі жұмыс жасап келеді. Жаңадан бой көтерген нысан қазіргі таңда барлық талаптарға сай, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және білікті дәрігерлер қатары көбейген. Адам жаны қысылғанда алғашқы болып көмек қолын созатын жандардың еңбегін елеусіз қалдыру мүмкін емес.

Бала – өміріңнің жалғасы, жаныңның ең нәзік бөлшегі. Бала деп қуанамыз, бала деп мұңаямыз. Қазақ халқы сол асыл перзенттеріне деген ерекше махаббатын «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» деген бірауыз сөзбен жеткізеді.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімінде 1 және 2 дәрежелі 3 дәрігер, кемінде 10 жылдық тәжірибесі бар 11 мейірбике , 11 кіші қызметкер халықтың жоғары дәрежеде ем алуы мақсатында қызмет атқарады. Бөлімше 40 төсек орынмен қамтылған. 2022 жылдың соңында бөлімше толық күрделі жөндеуден өтіп, неврологиялық және патологиялық нәрестелерге арналған палаталар іске қосылды.

Иә, адам өмірі, оның ішінде балалардың денсаулығы бүкіл қоғам үшін бірінші орында. Көбіне бөлімшеге маусымдық аурулардың өршу кезінде балалар арасында пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы ауруларымен науқастар ем алады. Сонымен қатар аллергиялық дерматит, несеп, зәр шығару жолдарының қабыну аурулары диагноздарымен де жиі түсетін көрінеді.

Бөлімде тәртіп заң талабына сәйкес күшейтіліп, емделушілердің дұрыс ем қабылдауы үшін сырттан келетін диеталық емес тағамдарға қатаң түрде шектеу қойылды. Балаларға арналған ойын бөлмесі ашылып, ойыншықтар мен интернет желісі қосылған теледидармен қамтамасыз етілген. Ең бастысы бөлімшеге түскен балалардың аналарына балаға су балансын берудің емдік шараларда үлкен көмек тигізетінін, ауырған балаға көп су ішкізу керек екені бойынша дәрістер өткізіліп тұрады. Ақ халаттыларға емделуші балалардың аналары да ризашылықтары мен алғыстарын білдіруде.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика