• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«ДОНОР БОЛЫП ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде әлеуметтік-жауапкершілік жобалардың ішіндегі «Донор болып өзгеге өмір сыйла» атты шарасы өтті. Онда университет қызметкерлері мен студенттері ерікті түрде донор болып, қан тапсырды.
Аталған игі шарадан оқу ордамыздың басшылары да қалыс қалмады. Сауапты істі көпке үлгі ету мақсатында арнайы қатысып, донор болды.
Өз кезегінде әлеуметтік-мәдени вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, бұл шараның әлеуметтік-жауапкершілік жобалардың ішіндегі ең сауапты жоба екендігін жеткізді.
Қан – адам ағзасының маңызды компоненті. Түрлі жағдайда көп қан жоғалту қауіпті. Осындай сәтте тіршілік нәріне бір тамшы қанымен өмір сыйлаушы донорлар көмекке келеді. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 200 мыңнан астам қазақстандық қан тапсырады екен. Соның ішінде 18 мыңға жуығы үш және одан да көп рет қан тапсырушылар қатарында. Мұндай жұмыс миллиондаған адамның өмірін құтқарумен қатар көптеген науқастың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті өтеусіз донорлар мен еріктілер, студент жастар мен қызметкерлеріміздің донорлықтың дамуына ерекше үлес қосып жатқанын мойындауымыз керек.
Айта кетейік, оқу ордамыз мұрындық болып ұйымдастырылып жатқан жобалардың жалпы саны – 16. Барлық жобалардың негізгі мақсаты, қоғамға пайдалы болу, университет танымалдығын арттыру, оқу ордамыздың отыз жылдық тәжірибесі мен білімін қоғамның барлық топтарымен бөлісу.
Бүгінгі таңға дейін, үш жоба толығымен жүзеге асып, арнайы кездесулер өткізілді. Ал «Донор болып өзгеге өмір сыйла» жобасы төртінші әлеуметтік-жауапкершілік жобасы болып табылады. Алдағы уақытта 16 жоба аясында түрлі салаларды қамтитын кездесулер мен шаралар өз жалғасын табатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика